Қылмыстық іс медиация тәртібінде аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім аудандық соты ҚР қк 188-бабы 1-тармағы бойынша (ұрлық) айыпталған К.-ға  қатысты қылмыстық іс медиациямен аяқталды. 

Іс материалдары бойынша,    К. алкогольдік мас күйінде Т.-ға тиесілі «Дәметкен ана» дәмханасының терезесін шағу арқылы ішіне заңсыз кіріп, жалпы құны 45 000 теңге тұратын әр-түрлі тауарларды жасырын жымқырған. Осы әрекетімен жәбірленушіге  45 000 теңге көлемінде материалдық зиян келтірген.   

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші арасында медиативтік келісім жасалды.

К.,  қылмыстық іс бойынша жәбірленушімен медиативтік келісімге келуіне орай жауапкершіліктен босатылды. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.  

 Қаулы заңды күшіне енді.

 

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі