Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Үржар ауданының № 2  аудандық сотында жәбірленушімен медиативтік келісім жасалуына байланысты  азамат А.,-ға   қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Сотталушы  ҚК 188-бабы (бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша, атап айтқанда жәбірленушіннің «Юсур» шаруа қожалығынан  ұсақ малдардың ішінен 2 бас қойды жасырын  ұрлап оқиға болған жерден бой тасалап кеткен, осы әрекетімен 70 000 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Қылмыстық істі қарау кезінде тараптар кәсіби емес медиатордың көмегімен медиативті келісімге келіп, оның шарттары бойынша  азамат А. жәбірленушіден  кешірім сұрап кінәсінан арылды.

Қаулы заңды  күшіне енген жоқ.

 

Үржар ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі