Қылмыстық іс медиация тәртібен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігімен  К. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

К. алкогольдік масаң күйінде Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылының көшесінде жүріп, бұрынғы танысы Т. есімді азаматтың үйінің қасынан өтіп бара жатып Т.-ның ауласына заңсыз кіріп, жасыл түсті велосипедті көріп, оны өзімен бірге сүйреп, қораның артындағы есік арқылы алып шығып, үйіне апарып, велосипедтің алдыңғы дөңгелегін шешіп, өзінің бас пайдасына асыру мақсатында үйдің шатырына жасырып қойып, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлап, жәбірленуші Т.-ға 15 000 теңге материалдық залал келтірген.

К.-ға  ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыптау туралы қылмыстық ісі сотталушының жәбірленушімен өз-ара медиация тәртібімен татуласуына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігі негізінде тоқтатылып, сотталушы К. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі