Көші-қоны заңын бұзғаны үшін Қытай азаматы әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотында көші-қон заңнамасын бұзған Қытай Халық Республикасының азаматы Д-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

ҚХР азаматы Д. Қазақстан Республикасына келіп ішкі істер органына тіркелген. Алайда, құқық бұзушы көші-қоң карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімі өткеннен кейін ел аумағынан кетуден жалтарып, Қазақстан Республикасының көші-қоңы саласындағы заңнамансын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.

Зайсан аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Д. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Зайсан аудандық сотының

баспасөз қызметі