Көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылының тұрғыны азаматша С. өзін 2017 жылдың тамыз айының 5-нен бастап, 7-не дейін азаматша Т. ешқандай себепсіз аяқ-қолын байлап, бас бостандығынан заңсыз айырып, қамауда ұстады деп құқық қорғау органдарына арыз түсірген.

Тергеп-тексеру барысында бұл факті дәлелденбей, азаматша С. үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 419-бабының 2-бөлігімен қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық іс қозғалған.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының үкімімен азаматша С. аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, сот үкімімен бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталып, жаза мерзімі бойы пробациялық бақылау белгіленіп, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда, жылына екі жүз қырық сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының

баспасөз қызметі