Көрінеу жалған нөмерімен автокөлік құралын басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмерімен автокөлік құралын басқару) жинақталған әкімшілік істі қарады.                                   

Істің мәні бойынша, құқық бұзушы көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмерімен «Toyota Trunner» маркалы автокөлік құралын басқарған.       Сотта құқық бұзушы кінәсін толығымен мойындады.        

Соттың қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни  45 380  теңге айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

 Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

 

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының

баспасөз қызметі