Көлік соқтығысынан үш бала аналарынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қалалық сотында асыраушысының қайтыс болуына байланысты залалды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Жауапкер  «Өскемен-Семей» трассасында «Daewoo» маркалы автокөлікті басқару кезінде жол-көлік ережесін бұзған. Қарсы бағытқа шығып «Toyota» маркалы көлікпен соқтығысқан. Оның салдарынан жолаушы ретінде «Daewoo» көлігінде отырған талапкердің жұбайы оқиға орнында қаза тапқан.

 Семей қаласының № 2 сотының үкімімен жауапкерге бір жыл бас бостандығынан және екі жылға көлік жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалып, жазасын қоныс –колониясында өтеуге белгіленген.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Жауапкерден талапкердің пайдасына кәмелеттік жасқа толғанға дейін үш баланы асырап-бағуға әрқайсысына ай сайын 10 500 теңге өндірілді. 

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

               

Семей қалалық сотының

баспасөз қызметі