Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 514-бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ресей Федерациясының азаматтары К және М  Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының белдеуінен 40 шақырымға кіріп, жидек жинағандары анықталды. Сонымен шетелдік азаматтармен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өтудің белгіленген тәртібін сақтамай, режимін бұзған.

Сот құқық бұзушыларды жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танып, оларға әкімшілік жаза ретінде Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

 баспасөз қызметі