Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар   өткізілді.

Іс шараға Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының судьялары мен мамандары,  прокуратура өкілдері, Катонқарағай кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері және Катонқарағай ауылдық округінің өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушылардың алдында судья Г.Т.Күдербаева Қазақстандағы гендерлік саясаттың ерекшелігі, гендерлік жобалардың бастаушысы мемлекет болып отырғаны, яғни мемлекет гендерлік дамуда алдын-алу және озып кету шараларын қолданып отырғанына тоқталды. Қазақстанда үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсартуға бағытталған ұлттық жоспар құрылып, бекітілген.  Басымдылықтардың негізгі міндеті әйел адамдарға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын азайту бойынша жұмыс жүргізу. Әйел адамдарға қатысты зорлық-зомбылықты азайту олардың құқықтық сауаттылығын көтеру арқылы, әйелдердің құқықтары мен зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар туралы тренингтер өткізу арқылы қол жеткізуге болады.  

Сондай-ақ, іс шара барысында әйелдер мен еркектер арасындағы мемлекеттік құқықтар мен міндеттерінің тең болу кепілі, тұрмыстық озбырлықтың алдын алу, әйелдерге қатысты жаппай кемсіту бойынша сұрақтарды жою және гендерлік теңдікке жәрдемдесу сұрақтары талқыланды.

Кездесудің қортындысы бойынша, гендерлік теңдік қоғамның өркендеуінің негізгі бір факторлары болып табылатындығы аталды.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі