Қаруды заңсыз сақтау-заң бойынша шарасыз жауапкершілікке әкеп соғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан  облысы Күршім ауданының №2 аудандық сотымен      ӘҚБтК-нің 482-бабы, 1-бөлігімен  екі азаматқа қатысты 2 әкімшілік іс қаралды.

Күршім ауданы  Мойылды ауылының тұрғыны  К. есімді азамат ішкі істер органдарында тіркелмеген 16-калибрлі тегіс ұңғылы  екі оқпанды мылтығын  заңсыз иеленіп, «Долана сай» участігінде  сақтаған.

Сондай-ақ, Тақыр ауылының тұрғыны А. есімді азаматтың күртешесінің қалтасынан ішкі істер органдарының рұқсатынсыз  сақталған екі дана 12 калибрлі оқ дәрілер табылған.

Құқық бұзушылар  кінәларын  толықтай мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндіктерін айтты.

Сот аталған азаматтарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына  20 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

Әкімшілік құқық бұзушылық заттары  мемлекет  пайдасына тәркіленді.

Аталған құқық бұзушылықтар полиция қызметкерлерімен  «Құқықтық тәртіп» және «Қару»   алдын-алу іс-шараларын өткізу кезінде анықталған.

Сот  қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі