Қаруды заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тарбағатай аудандық сотында Аудандық Ішкі Істер бөлімінен Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының, 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысы барысында, құқық бұзушының үйінің ауласында ИЖ-5 маркалы, 28 калибрлі, заводтық ұңғы Ижевск механикалық зауытында жасалған атыс қаруын заңсыз сақтап жүргені анықталды.

Сот құқық бұзушының мойындап берген жауабын тыңдап, прокурордың қаруды тәркілей отырып, айыппұл салуды сұраған пікірін бағалап,  ӘҚБтК-нің  818, 819, 821, 822, 823- баптарын басшылыққа алып, ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көрсетілген  құқықбұзушылықты  жасағаны үшін   кінәлі деп танып, оған осы бап негізінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни  45 380 ( қырық бес мың үш жүз сексен ) теңге айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндіруге, қаруды тәркілеп жоюға каулы етті.

Сот қаулысы күшіне енген жоқ.

 

Тарбағатай аудандық сотының

баспасөз қызметі