Халықаралық сипатта дөңгелек үстелге студенттер мен оқытушылардың кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының судьялары Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің оқытушылары мен студенттері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге Ресей Федерациясы Новосибирск қаласының мемлекеттік техникалық заң факультетінің деканы С.А. Поляков пен қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы О.А. Исаева қонақ ретінде қатысты.

Аталған шара оқу бағдарламасының үйлестірушісі, Семей қалалық сотының судьясы Қ.Сапинованың басшылығымен Ұлт Жоспарында белгіленген сот жүйесін реформалау аясында өтті. Қатысушылардың алдында маңызды баяндамаларымен Семей қаласы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Т.Молдағожина, Семей қаласының № 2 сотының судьясы Ж.Т.Абенова, қылмыстық-құқық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, ҚазИГЗУнің профессоры Е.К.Утебаев, азаматтық-құқық пәндер кафедрасының меңгерушісі,  заң ғылымдарының кандидаты Ф.Г.Ибрагимова сөз сөйледі.

Пікірталас барысында маңызды да өзекті тақырыптар, оның ішінде сот реформалары және азаматтық, қылмыстық заңнаманың жаңалықтары түсіндірілді.

«Ұлт Жоспарының 16-қадамын іске асыру бойынша азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда үш сатылы жүйесіне көшірілді. Осы модель халықаралық стандарттарға сай болып, жалпы әлемдік тәжірибеге көшуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексінің қағидатты нормалары туралы айтатын болсақ, іс жүргізудің сатысы - істі сот талқылауына дайындау бөлігіне маңызды өзгерістер енгізілген. Жаңа нормаларына сәйкес осы кезеңде: дәлелдемелер, сараптаманы тағайындау, қарсы талап арызды беру мәселелері шешіледі. Содан кейін алдын-ала сот отырысында нәтижелері бекітіледі, оның барысында талапкерлер талап негіздемесін нақтылауына, өзгертуіне, өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіруіне, жауапкер қарсы талап арыз беруге құқылы. Сот талқылауына дейін дайындық бойынша талаптарды орындау бұл істі бірінші немесе екінші сот отырысынан қарауға кепіл болып табылады.» - деді Қ.Сапинова.

Кездесу соңында студенттер судьялармен сұхбаттасуларына мүмкіндік бергендеріне алғыс айтып, сонымен қатар әрқайсысы осы кездесуден өзіне жаңа және қызықты мәліметтер алғандары анық екендігін мәлімдеді.

 

Семей қалалық сотының

 баспасөз қызметі