Глубокое аудандық сотының ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Глубокое аудандық сотының ұйымдастыруымен «Ата заңымыз – тұрақтылықтың негізі» атты тақырыпта мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияға Глубокое аудандық сотының төрағасы С.Жансейіт, аудан прокурорының м.а. Қ. Алтынбекұлы, Глубокое аудандық ішкі істер бөлімінің  басшысы Р.Т. Рамазанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.А.Баймульдинов және мемлекеттік органдармен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында мемлекетіміздің қарқынды дамуында Ата заңымыздың атқаратын рөліне, сондай-ақ Конституцияның жекелеген нормаларына арналған баяндамалар оқылды.

Өз баяндамасында аудандық сот төрағасы Серік Жансейітұлы қатысушылардың назарын Конституцияның нормалары тікелей қолдануға жататын заң нормалары екендігіне аударып, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерін күнделікті жұмыста хат-хабарлар мен құжаттар дайындау барысында оның баптарына сілтеме жасау арқылы халық арасында Ата заңымызды білуге деген талпыныстарын күшейтуге шақырды.

Конференция  жан-жақты пікірлерге толы әрі мағыналы өтті.

Іс-шара соңында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.

 

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі