Глубокое аудандық сотының мамандары мемлекеттік тілді меңгеру курсына қатысуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін, Глубокое аудандық сотының мамандары мемлекеттік тілді меңгеру курсына қатыса бастады. Аталған іс-шара Жоғарғы Сотпен «Рухани жаңғырту – қуатты мемлекет құру кепілі» тақырыбындағы «дөңгелек үстелді» іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Мемлекеттік тілді оқыту курсы екі деңгейде: бастапқы және жалғастырушы топ ретінде  тілді меңгеру ұйымдастырылған.  Оқытушы  оқыту барысында ерекшіліктерді ескере отырып, сот-құқықтық терминдерді дұрыс қолдануға, сөйлеу мәнеріне, аудармаларға, ауызша және жазбаша коммуникациялық дағдысын меңгеруге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

Курсты өту нәтижелері бойынша білім алушыларға олардың мемлекеттік тілді меңгеру білім деңгейіне сәйкес сертификат табысталатын болады.

 

Глубокое аудандық сотының

баспасөз қызметі