«Гендерлік саясаттың дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарма аудандық сотында «Гендерлік саясаттың дамуы» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.  

Дөңгелек үстел жұмысына Жарма ауданы сотының төрағасының м.а. судья Л.Ж. Ақалаева, судья машықтанушысы С.Р.Торгаев, кеңсе меңгерушісі М.З.Құсманова, бас мамандар - сот мәжілісінің хатшылары Б.С.Жаныбекова, Р.Б.Амангельдинова, аға сот приставы С.М.Сағындыков, ШҚО МКҚБ-ның өкілдері –К.М.Акимжанов, А.Тельманов, ШҚО ҚАЖД-нің Жарма ауданының №1 пробация қызметінің өкілдері А.Т.Ансабаев, А.У.Ташмухаметова, М.Ш.Баймулдинов қатысты.

Судья Л.Ж.Акалаева өз сөзінде, гендерлiк саясаттың негiзгi қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейтінін, Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылатынын атап өтті.  

Дөңгелек үстелге қатысушылар гендерлік саясатты дамытудың қоғам үшін маңыздылығын және осы бағытта жұмыстар атқару керектігін көрсетті.

 

Жарма аудандық сотының

баспасөз қызметі