«Гендерлік саясат» тақырыбында дәріс өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкпекті ауданының  №2 аудандық сотының жетекші маманы Қ.Қуатов Көкпекті ауданының Самар полиция бөлімінде «Гендерлік саясат» тақырыбында дәріс өткізді.

Аталған шараға бөлім қызметкерлері мен участкелік инспекторлар қатысты.

Дәрістің негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айту.

Жетекші маман Қ.Қуатов шараны ашып, гендерлік саясатының маңыздылығы туралы айтып өтті.

«Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер өзекті. Дегенмен, қоғам мен мемлекет тарапынан нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғарғы деңгейде. Елімізде гендерлік саясатты жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асырады. Оның негізгі міндеті отбасы, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру», - деді Қ.Қуатов.

Дәріс соңында қатысушылар тақырыпқа сай өзара пікірлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

 

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі