Діни әдебиетті таратқаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3 тармағы (Қазақстан Республикасының заңнамасында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) тарату) бойынша құқық бұзушылық жасаған Г.азаматшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

2017 жылдың 11 мамырында  Г. азаматша  Зырян қаласында Силовая көшесінде  «Веришь ли ты?» атты діни әдебиетті таратқаны анықталған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы  ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі  3- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Зырян аудандық сотының

баспасөз қызметі