«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Катонқарағай №2 аудандық соты қызметкерлері өз өлкелерінің тарихи мұражайларына барып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 25 тамызында ашылған «Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі» КММ жанындағы «Мектеп-мұражайы» және «Берел қорғаны» археологиялық ескерткіштеріне барып қайтты.

Аталған тарихи жерлерді аралаудың мақсаты - ұрпақтар сабақтастығын дамыту және нығайту, сондай-ақ туған өлкенің мәдени мұраларын зерттеу болды.

Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында орналасқан Әбдікерім Ережепов атындағы мектеп-мұражайды қалпына келтіру, аудан әкімшілігінің бағдарламалық мақалада белгіленген міндеттерді жүзеге асыру бойынша атқарған жұмыстарының бірі болған. Бұл мектеп қабырғасынан ғалымдар Сәрсен Аманжолов, Баламер Сахариев, Төлеухан Бияров, қолбасшы Генерал-лейтенант Иван Копылов, ҚР мемлекеттік сыйлықтарының иегері жазушылар Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров, «Алаш» сыйлығының лауреаты Д.Әшімханов және басқалар түлеп ұшқан. Осылайша, ауданда тағы да бір тарихи-мәдени нысан пайда болды, ол танымдық туризмді дамытуға ықпал ететін болады.

«Берел Қорымы» – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында  Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай  7– 8 км жерде орналасқан. 1998 жылы Берел ауылы маңынан Франция мен Италия ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан Ғылым академиясы (А.Х.Марғұлан атындағы археология институты) әлемдік маңызы бар таңқаларлық жәдігерлер тапқан. Мұнда Бұқтырма өзені аңғарынан 1200 м биіктікте сақ князы жерленген қорған табылған. Б.э.д. IV ғасырдағы «Берел қорғаны» – Қазақстанда еш теңдесі жоқ керемет археологиялық ескерткіш болып табылады.

Сот қызметкерлері тарихи-өлкетану мұражайларында болып, экспонаттарымен танысты.

Еліміздің рухани жаңғыруы мемлекеттік тілдің, мәдени дәстүрлердің сақталуын, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуді дамытусыз  мүмкін емес деген қорытынды жасалды.

 

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі