Балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 383 бабының 3- бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондайақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Б.  Зайсан көлінде, рұқсат құжатсыз, тыйым салынған синтетикалық моножіптен жасалған аумен балық аулаған. Сөйтіп, Б.  балық аулау ережелерін өрескел бұзып Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты  жасаған.

Сот мәжілісінде құқық бұзушы  кінәсін  толық мойындап, сот оған ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  45 380  /қырық бес мын үш жүз сексен/ теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

   

Күршім аудандық сотының

баспасөз қызметі