Аудио-бейне жазба жүйесінің бағдарламасына жаңарту жұмыстары бойынша қашықтықтан оқыту бейнеконференц байланысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зайсан аудандық сотының ғимаратында Аудио-бейне жазба жүйесінің (АБЖ) бағдарламасына жаңарту жұмыстары бойынша қашықтықтан оқыту бейнеконференц байланысы өткізілді.

Қашықтықтан оқыту бейнеконференц байланысына Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының, Тарбағатай аудандық сотының  кеңсе меңгерушілері мен сот мәжілісінің хатшылары қатысты.

ШҚО Соттар әкімшісінің  маманы Ә.Әлімбеков аудио-бейне жазба жүйесінің (АБЖ) бағдарламасын қолдану, пайдалану, сот отырыстарын уақытында өткізу бойынша  және оның жұмыс істеуін тұрақты түрде қамтамасыз ету керектігін айтты.

 

Тарбағатай ауданының№2  аудандық сотының 

баспасөз  қызметі