Ағаштарды заңсыз кескені үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен ҚК-нің 340-бабының, 2-бөлігімен (орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау) айыпталған азамат Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралған.

Іс материалдарына сәйкес, Сарыөлең ауылының тұрғыны  азамат Е. өзінің жеке пайдалануына  «Марқакөл орман шаруашылығы» КММ-ның қорына кіретін 24,46 текше қарағай ағаштарын заңсыз кесіп, мемлекетке 111 907 теңгенің зиянын келтірген.  Жол қатынасының нашарлығынан өзінде ағаш кесуге рұқсат бола тұра, отынды басқа рұқсат берілмеген орамнан дайындаған.

Сот үкімімен сотталушы жоғарыда көрсетілген бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалып, қылмыс құралы- мотоара мемлекет пайдасына тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының

баспасөз қызметі