2017 жылдың 8 айының қорытындысы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Катонқарағай аудандық сотында 2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізілді. Іс шараға сот қызметкерлері, мемлекеттік органдарының және БАҚ  өкілдерінің қатысуымен өтті.

2017 жылдың  8 айының жұмысын қорытындылай келе сот төрағасы Б.Т. Секербеков қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жетістіктерінің көрсеткіштерін атап өтті. Азаматтық істердің санаттары бойынша міндетті түрде дауларды сотқа дейінгі шешу бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының  пилоттық жобаны жүзеге асыруға кіріскені туралы айтылды. Оның қатысушылары аудандық және оған теңестірілген соттар,  азаматтық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық экономикалық және кәмілетке толмағандар істері бойынша соттар сонымен қатар медиаторлар жатады.

Шара барысында сот мәртебесін көтеру бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілетіні жайлы айтылды. Әрбір айдың соңғы жұмасында ашық  күн шарасы өткізіледі, тұрғындарға сот қызметкерлерінен заңды көмек алуға, сотта өткізілетін семинарларға, брифингтарға, дөңгелек үстелдерге қатысуға мүмкіндіктері бар.

 

Катонқарағай аудандық сотының

баспасөз қызметі