Архив событий

09/12/2016

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнайы ұйымдастырылған шара

09/12/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.М. Чакпантаев, Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің өкілдері - кадр қызметі бөлімінің басшысы Ш.Т.Нысаинов және талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ж.Ж.Сарабек  Жоғарғы Соттың Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайы берген нұсқауларын негізге ала отырып мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Куленов поселкесіндегі «Үміт» балалар  үйіне барып  қайтты.

Әкімшілік іс «Медиация туралы» Заңын қолдануымен қысқартылды

09/12/2016

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-тармағында (отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  азаматша М.А.Борковаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта   азаматша М.А.Боркова  өзінің үйінде өзімен бірге тұратын әжесіне  ұрыс шығарып, ұрыс барысында оған қатысты балағат сөздер айтқандығы анықталды.

Бесқарағай аудандық соты 11айдың ішінде 31 тұлғаларды көлік құралын басқару құқығынан айырды

09/12/2016

Бесқарағай аудандық соты ағымдағы жылдың 11 айында ӘҚБтК-нің 30-тарауы «Көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар» бойынша құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға қатысты 56 әкімшілік іс қарады. Соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы  1-бөлігі бойынша (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік,  есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) 31 құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрылған.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қаралды

09/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданының №2 аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған Л.А.Майбородаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, Л.А.Майборода тұрғылықты мекені бойынша жанжал шығарып, күйеуіне қатысты былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, тараптар татуласып, сотқа дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді ұсынды.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

09/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған С.Бутинге қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, С.Бутин өзінің басқаруындағы автокөлігімен жолдың жүру бөлігінің ортасында трамвай желісі бар екі жақты қозғалысқа арналған жолда, трамвай желісінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, сол боймен қозғалған.  

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

09/12/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған С.А. Шахворостовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 11 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті

09/12/2016

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 11 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Бұл шараға аудандық «Жұлдыз», «Новая жизнь» газеттерінің тілшісі К.Нүрпеисова қатысты.

23 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

09/12/2016

2016 жылдың 11 айында Бесқарағай аудандық соты сот шешiмiн және атқарушылық құжатты орындаудан бас тартқан азаматтарға қатысты 23 әкімшілік іс қарады.

Аталған азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабы бойынша «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» - туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

Бесқарағай аудандық сотында 2016 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өтті

09/12/2016

Бесқарағай аудандық сотының төрағасы А.Абдрахманов 2016 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстарының қорытындылары бойынша брифинг өткізді.  Шара барысында сот төрағасы А.Абдрахманов есепті мерзімде атқарылған жұмыстарды,  статистикалық мәліметтерді атап  өтті.                        

Алимент жөніндегі дау партисипативтік рәсім тәртібінде реттелді

09/12/2016

Бородулиха аудандық сотында алимент мөлшерін төмендету туралы талап арыз бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер жауапкерлерге алимент мөлшерін төмендету туралы талап-арызбен сотқа жүгінген, өз талабы негізінде сот шешімі бойынша одан екі балаларының тұруына жалақысынан 50% мөлшерінде өндіріп алынған, осыған байланысты соттан алимент мөлшерін азайтуды сұраған.

«Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында кеңес өткізілді

09/12/2016

Бесқарағай аудандық сотының ғимаратында «Қазақстан  Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған жаңа судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбына кеңес өткізілді.

Аталған шараға Бесқарағай аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері қатысты.