Архив событий

05/12/2016

Шығыс Қазақстанның судьялар қауымдастығы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген турнирде бірінші орынды иеленді

05/12/2016

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында  Семей қаласында Шәкәрім атындағы Университеттің бастамасымен  «Төрттік Финал» атты мини-футбол бойынша турнирдың «ӨС-Өскемен-Семей» финалдық ойындары өтті.

Аталған шараның құрылтайшылары: Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және Университет ректоры Меир Ескендиров болды.

Әкімшілік іс медиция тәртібімен қысқартылды

05/12/2016

Бесқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) С.Юрьевқа қатысты іс өндірісі  тараптардың медияциялық келісімге келуімен қысқартылды.                                                                                  

Кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізілді

05/12/2016

Глубокое  аудандық  сотының төрағасы С.Ж.Жансейіт медиация заңының қолдану барысы  жайлы кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді.

Аталған шараға Глубокое кентінің кәсіби емес медиаторлары  Ш.Ахметкалиев және Т.И.Глушкова қатысты.

Кездесу барысында сот төрағасы кәсіби емес медиаторларға  аудандық соттың медиация институтын насихаттау, халыққа  жеткізу бағытында атқарылып жатқан іс  шаралар  жайлы айтып өтті. Сонымен қатар,   медиаторлардың қарауымен аяқталған істер жайлы статистикалық мәліметтермен таныстырды.

Бесқарағай аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастағы жанжал бейбіт жолмен шешілді

05/12/2016

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)  қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылған О.Шабаршовқа қатысты әкімшілік істі қарады.                                                             

Сотта, О.Шабаршовтың өз үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқандығы анықталды. Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.

Қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотталды

05/12/2016

Глубокое аудандық сотымен ҚК-нің 287-бабы, 3-бөлігі (атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша И.А.Новосельцевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралар барысында  И.А.Новосельцев ұсталынып, оның үйін  тінту кезінде заңсыз ЗК 16 калибрлы модельді бір ұңғымалы аңшылық  мылтық табылып, алынғаны анықталды.  

Бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығына айыру жазасына ауыстырылды

05/12/2016

Зырян аудандық соты аудандық пробация қызметінің сотталған П.Кругловқа қатысты  тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысын қарады. 

Есірткілік масаң күйде автокөлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айрылды

05/12/2016

Катонқарағай аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) Н.Н.Веригинаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысы барысында анықталғандай, Н.Н.Веригина есірткілік масаң күйде көлік құралын басқарып, Советская көшесі бойында қозғалысы кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталып, медициналық куәландыруға апарылды.

Сот көтермелеу туралы жеке қаулы шығарды

05/12/2016

ШҚО Бородулиха аудандық соты ҚК-нің 188-бабы,  3-бөлігіне  қарасты (ұрлық, яғни көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ірі мөлшерде бөтен мүлікті жасырын ұрлау) кінәлі деп танылған Т.Гудковқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот үкімімен Т.Гудковқа мүлкін тәркілеумен қатар, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу  тағайындалды.

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

05/12/2016

Зырян  аудандық соты «Зырян ауданы - Зырян қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкерден көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.

Борышкерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарлама уақытылы тапсырылған, алайда берешек төленбеген.

Алкогольдік өнімді өткізу жөніндегі заң талаптарын бұзғандығы үшін жауапкершілікке тартылды

05/12/2016

Үржар ауданы №2 сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200-бабының, 3-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұз) қарастырылған  Н.М.Бабасовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Н.М.Бабасов жеке кәсіпкер бола тұра, түнгі сағат 23 тен кейін алкоголь өнімін сатқан, яғни Қазақстан Республикасының ӘҚБтК–нің 200-бабының, 3-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Мүлікті бөлу туралы дау партисипативтік келісім арқылы реттелді

05/12/2016

Семей қалалық сотымен мүлікті бөлу туралы азаматтық ісі қаралды.

Тараптар сотқа автокөлік құралдары, жылжымалы мүлік, тұрмыстық техника, жиһаз, үй тұрмысындағы заттар және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі үлесі ретінде ортақ мүлікті бөлу туралы талап арызбен және қарсы талап арызбен жүгінген.

Заңды бұзғаны үшін елден шығарылып жіберілді

05/12/2016

Семей қалалық сотымен шетелдік азаматты Қазақстан Республикасының шектеріне  шығарып жіберу туралы азаматтық ісі қаралды.

«Семей қаласының ішкі істер басқармасы» - ММ, Ресей Федерациясының азаматы М.Фарафонов,  біздің елдің заңнамасын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын көрсетіп және осы мән жайға  байланысты елден шығарып жіберу туралы арызбен сотқа жүгінген.

Медиатордың қатысуымен татуласты

05/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы құқыққа қайшы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Е.С.Дюсуповқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Е.С.Дюсупов өз пәтерінде ішімдік ішкен алкогольдік масаң күйінде әйеліне қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтып, қорлаған.

Сот мәжілісі барысында тараптар өзара татуласып, медиаторлық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.

Медиаторлық келісімнің пайдасы

05/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа
қарсы әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Е. Мұқановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А.Е. Мұқанов өз отбасы-тұрмыстық қатынаста бірге тұратын тұлғаға қарсы ұрыс шығарып, оның атына былапыт сөздер айтқан.

Сотта тараптар өзара татуласып, медиаторлық келісім жасауы негізінде соттан іс өндірісін қысқартуды сұрады.