Архив событий

07/12/2016

Әкімшілік іс медиция тәртібімен қысқартылды

07/12/2016

Бесқарағай аудандық сотында Н.Оразкановқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) қозғалған әкімшілік іс өндірісі  тараптардың медияциялық келісімге келуімен қысқартылды.                         

Сот шартты түрде соттаудың күшін жою және соттылықты алып тастау ұсынысты қанағаттандырды

07/12/2016

 Бородулиха аудандық сотымен ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті пробация қызметінің шартты түрде соттаудың күшін жою туралы және сотталған адамнан сотталғандықты алып тастау туралы В.Недорезовқа қатысты ұсынысы қаралды. Сотталғанға сот үкімімен ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағы (заңсыз сақтау, өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде тасымалдау,) бойынша 3 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК-нің 63-бабын қолданумен шартты түрде 3 жылға сынақ мерзімімен 3 жылға пробациялық бақылау белгіленген. 

21 жасқа дейінгі адамға алкоголь өнімін өткізгені үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

07/12/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабы, 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу)әкімшілік іс қаралды.

Зырян қаласында орналасқан «Бахус» дүкенінде сатушы Ф.Нағайбаева алкоголь өнімін 21 жасқа толмаған тұлғаға  өткізу фактісі анықталды.

Сотқа құрметсіздік білдергені үшін қамауға алынды

07/12/2016

Бородулиха аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 653-бабы, 1-тармағына (сотқа құрметсіздік білдіру) қарасты Р-ға  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Р., сот мәжілісіне алкгольдік  масаң күйінде келген, сол арқылы сотқа құрметсіздік көрсеткен. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы В.Рацевич  ӘҚБтК-нің  653-бабының, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, ол әкімшілік жаза түрінде үш тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сот бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

07/12/2016

Зырян аудандық  соты жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққан тұлға М.Смаиловқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, құқық бұзушы жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осы әрекетімен, құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 9-бөлімнің 2-тармағының талаптарын бұзған.

Бесқарағай аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастағы жанжал бейбіт жолмен шешілді

07/12/2016

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 2-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)   қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылған В.Захаровқа қатысты әкімшілік істі қарады. 

Сотта, В.Захаровтың өз үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқандығы анықталды. Сотта істі қарау барысында, жәбірленуші құқық бұзушымен татуласып, тараптар сотқа бітімгершілік келісімін ұсынды.

Есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылды

07/12/2016

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ҚК 296-бабының 2-тармағы бойынша (заңсыз сақтау, өткізу мақсатынсыз есірткі заттарын тасымалдау) қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Д.Эсенмурадоваға қатысты қылмыстық іс қаралды

Басты сот талқылауында анықталғандай, шекаралық тексеру кезінде "Ауыл" станциясында "Астана-Лениногорск" бағытындағы жолаушылар пойызының хабарламасымен азаматша Д.Эсенмурадова ұсталынған, оны тексеру барысында есірткі заты – «гашиш» табылып, тәркіленді.

Қазақстан Республикасының аумағында болу ережесін бұзған шетелдік жауапкершілікке тартылды

07/12/2016

Зырян аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы Т.Унжаковаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Республикасының азаматы Т.Унжакова Зырян  қаласы Молодежная  көшесінде уақытша тіркеліп, Зырян ауданының Бородино ауылы Садовая көшесінде тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

Алкоголизмнен мәжбүрлеп 6 ай мерзімге емделуге жіберілді

07/12/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Катонқарағай ауданының ауруханасы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азамат С.Асқаровқа қатысты  алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арыздар бойынша азаматтық іс қаралды.

Жеке айыптаушы айыптауынан бас тартты

07/12/2016

Зырян  аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабы бойынша қозғалған жеке айыптау туралы Ю.Черепқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Жекеше айыптаушы Т.Слонова сотқа айыпталушы Ю.Черепті ҚР ҚК-нің 108-бабымен қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беріп, онда айыпталушы  ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргенін, балағаттағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Медиатордың қатысуымен татуласты

07/12/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру)   К.Ареновқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғаны,  К.Аренов пайдақорлық ниетпен, ұрлық жасау ойымен, 21 000 теңге көлеміндегі ақшаны жасырын түрде ұрлап, оқиға болған жерден қашып кеткен.

Сот талқылауы барысында сотталушы мен жәбірленуші медиация тәртібімен татуласқандарын, сондықтан   қылмыстық істі өндірістен қысқартуды сұрады.

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/12/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған) бойынша әкімшілік іс қаралды,

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша брифинг өтті

07/12/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Брифингке «Арай-Луч» аудан газетінің өкілдері, Катонқарағай ауданының заң консультациясының адвокаттары мен аудан прокуратурасының өкілдері қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/12/2016

Көкпекті аудандық сотына Е.Гайдаровадан Л.Жильцованы  Қылмыстық кодекстың 108-бабымен қарастырылған қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы жеке шағымы келіп түскен.

Шағымға сәйкес Л.Жильцова алкогольдік масаң күйінде, өзінің туған апайы Е.Гайдарованы өзара келіспеушілік барысында қол көтеріп, ұрып, денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген. 

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралды

07/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3-тармақтары бойынша сотқа берілген Б.Касеновке, Ж.Аманбайға, қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, Б.Касенов өзінің пайдакүнемдік ниетін жүзеге асыра отырып, аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу үшін, өзінің танысы Ж.Аманбаевпен алдын ала қылмыстық сөз байласып, марихуана есірткі заттарын Өскемен қаласының аумағында сату үшін, заңсыз өткізу мақсатында сақтаған.

Бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

07/12/2016

Курчатов қалалық сотымен пробация қызметінің сотталған Б.-ға қатысты тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсынысы қаралды. 

Іс материалдары бойынша, сотталған жазаны өтеу ережелері түсіндірілгеніне қарамастан алкогольдік масаң күйінде бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тексеру барысында мінез құлқы жайында есеп беруге келмегендігі, түнгі уақытта тұрақты мекен-жайында болмағандығы, бірнеше рет ескерту шығарғаннан кейін де қорытынды шығармағандығы анықталған.

«Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті

07/12/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан  облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұқаралық ақпарат құралдары  өкілдерінің қатысуымен «Есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық істер» тақырыбында брифинг өтті.

Бақылаушы органның нұсқамасын орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

07/12/2016

Ұлан ауданының №2   аудандық соты, Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің нұсқамасын тиісінше орындамаған «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚМ директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Аудандық соттың 2016 жылдың 11 айындағы жұмыстары қорытындыланды

07/12/2016

Үржар аудандық сотының ғимаратында 2016 жылдың 11 айындағы аудандық сот жұмысын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Сот төрағасы Д.С.Серикбай  көрсетілген мерзім аралығында жасалған жұмысты қорытындылай келе, 2016 жылдың 11 айында сотпен 58 тұлғаға қатысты 52 қылмыстық іс, оның ішінде  үкім шығаруымен 36 тұлғаға қатысты 33 іс қаралғанын, 537  азаматтық іс аяқталып, 308 шешім шығарумен қаралғанын, 476 тұлғаға қатысты 476  әкімшілік іс аяқталғаны туралы статистикалық деректер келтірді.

Мамандандырылған күзет қызметінің мамандарымен семинар өтті

07/12/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында ШҚО МКҚ ММ-нің Ұлан ауданы бойынша полиция қызметкерлерінің қатысуымен «Жергілікті соттар ғимаратына өткізу және ішкі объектілік тәртіп» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Сот приставы Д.Абилмажин іс-шараның басты мақсаты - аудандық сотта ішкі қауіпсіздік ережелерін  үнемі сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігін атап өтті.

Семинарда сотқа шақыру қағаздарымен келген тараптарды тіркеу тәртібі талаптарын орындау және сот залына кіргізу мәселелері талқыланды.