Архив событий

08/12/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Өскемен қаласының «жас» судьяларымен кездесті

08/12/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров Өскемен қаласының жас судьяларымен кездесті. Кездесуге Өскемен қаласының 23 жас судьялары шақырылды.

Әміров Досжан Сарманқұлұлы жас судьялармен кездесуді аша отырып: «Судья болуға тағайындалу оңай емес, бірақ бұл атақты алып жүру одан да қиын», - деді.

Д.Әміров атап өткендей, судья атағына лайықты болу қажет. Ол үшін жұмыстың алғашқы айларынан бастап, практикада  кәсіби және өз ісінің шебері ретінде өзіңді таныта білу керек.

Медиация - татуластырудың жолы

08/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК –нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) қылмыс жасаған С.Ягодкинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта С.Ягодкин өзімен некесіз бірге тұрған әйелдің денсаулығына қасақана жеңіл зардап келтіргендігі анықталды.

Сот залында сотталушы мен жәбірленушіден медиация тәртібімен татуласқандары туралы өтініш түсті.

Көлік құралын басқару құқығынан айрылды

08/12/2016

Зырян аудандық сотында ҚР ҚК-нің 346-бабының, 1-бөлігінде  (көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқару) көрсетілген қылмыстық теріс қылық жасаған А.Спиваковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А.Спиваков бұрын алкогольдік ішімдік ішкен күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, қайталап көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарып, полиция қызметкерлеріне ұсталған.

Аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтап, тасымалдағаны үшін сотталды

08/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау)  қылмыс жасалған К.Сағидулинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен К.Сағидулин көлік жүргізіп келе жатқан жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықталды. К.Сағидулинді және оның автокөлігін тінту барысында аса ірі мөлшерде 16 дана «наша» есірткі заты  табылып алынды.

Медиация тәртібімен қылмыстық іс қысқартылды

08/12/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша Е.Г.Косинцевке қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Т.Н.Емельянова сотқа жеке айыптау тәртібімен Е.Г.Косинцевқа жеке айыптау келтірді. Жеке айыптаушы Т.Н.Емельянова сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы  келісімін бекітуге ұсынды.

Сот қаулысымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

 

Өскемен қаласының тұрғыны тәртіп басқармасына қарсы 3 бірдей қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

08/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 378-бабы, 1-бөлігімен; 379- бабы, 1-бөлігімен; 380-бабы, 1-бөлігімен (билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлау; билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау; билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру) қылмыс жасаған П.Заматевскийге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық сот өндірісінде медиация тәртібін қолдану

08/12/2016

2011 жылы 28 қаңтарда Қазахстанда «Медиация туралы» Заң қабылданған. Жеке және заңды тұлғаларда туындайтын азаматтық, отбасылық, еңбек жағдайларында  немесе басқада құқықтық қатынастарда пайда болатын дау-дамай (шиеленіс) медиация тәртібін қолданудың негіздері болып табылады.

Жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды

08/12/2016

Глубокое аудандық сотымен Қылмыстық кодексінің 346-бабының, 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) А.Ю.Кинасқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған

08/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Д.Ивановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот залынан

08/12/2016

Глубокое аудандық сотымен ҚК-нің 296-бабының, 2-бөлігімен (есірткі заттарды сату мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа берілген Н.Н.Ганзинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Н.Н.Ганзин өз үйінде сату мақсатынсыз 0,67 грамм «кептірілген мариухуана» есірткі затын заңсыз сақтаған.

Глубокое аудандық сотының үкімімен Н.Н. Ганзин ҚК-нің 296-бабы, 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тару түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту

08/12/2016

Глубокое аудандық сотымен  ӘҚБтК-нің 461-бабымен (ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу) көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат С.И.Исаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта,  С.И.Исаев өз  үйінде  жұбайына қарсы балағат сөздер айтып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарымен қолданған қорғау нұсқамасын бұзғандығы анықталды.

Аягөз аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

08/12/2016

Аягөз аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильдi басқаратын адамның көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) Д.Е. Акказинге қатысты  қылмыстық ісі қаралды.

ІІБ-нің қаулысын орындамағаны үшін айыппұлға тартылды

08/12/2016

Глубокое аудандық  сотында   әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат Е.Г.Қаратаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес Е.Г.Қаратаев ӘҚБтК-нің 615-бабы, 1-бөлігімен мемлекет пайдасына 10 605 теңге салынған туралы қаулысын орындамаған.

Сот азамат Е.Г.Қаратаевты ӘҚБтК-нің 669-бабы негізінде кінәлі деп тауып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сайыс өткізілді

08/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сот қызметкерлері арасында сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты - сот қызметкерлерін патриоттық сезімге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты арттыру.

Сайыста қатысушылар жоғары деңгейде тілді меңгеру дәрежелерімен қоса, шешендік өнерлерін, сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрлер мен тарихты білу деңгейлерін көрсетті.

Глубокое аудандық сотында «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң зерделенді

08/12/2016

Глубокое аудандық сотында судьялар мен сот мамандары «2017-2019 жылдарға арналған респуликалық бюджет туралы» Заңын зерделеу туралы семинарлық сабақ өткізді.

Оқу бағдарламасының үйлестірушісінің көмекшісі судья А.А.Касенова, мемлекет Басшысымен «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойылып, айлық есептік көрсеткіш 2 269 теңге, төменгі жалақы мөлшері 24 459 теңге, негізгі зейнетақы төлемі 12 802, төменгі зейнетақы мөлшері 28 148, әлеуметтік төлемақының мөлшері 24 459 теңге болатындығын атап өтті.

«Еңбек тәртібін және мемлекеттік қызметшілер әдебін сақтау» тақырыбына арналған семинар өтті

08/12/2016

Катонқарағай аудандық сотында сот мамандары қатысқан «Еңбек тәртібін және мемлекеттік қызметшілер әдебін сақтау» тақырыбына арналған семинар өтті. Соттың кеңсе меңгерушісі Э.Жансұлтанова тақырып бойынша сөз сөйледі.

Өз сөзінде Э.Жансұлтанова мемлекеттік қызметте жұмыс жасау, бұл – мемлекет және қоғамның артқан сенімі мен үміттерін ақтау екенін және де мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық бейнесіне үлкен талап қойылатынын белгілеп өтті.