Архив событий

15/12/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының Төрағасы судьялар мен сот қызметкерлерін ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

15/12/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында облыстық сот төрағасы Д.С.Әміровтің, сот алқасы төрағаларының, Әділет Департаменті басшысының орынбасары К.Б.Аль-Сеиттің, сот жүйесінің ардагерлерінің, облыстық соттың, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары мен қызметкерлерінің  қатысуымен  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шара Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты түрде орындалуымен ашылды.

Семей қаласының Ювеналды сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті

15/12/2016

Бүгін Семей қаласының Ювеналды сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Сот төрағасы Р.Ақпар құттықтау сөзінде, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – ең басты мереке, себебі, 25 жыл бұрын дәл осы күні дүниежүзілік саяси картада жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болып, біз өзіміздің жеке, әлем мойындаған жолымызды бастадық», -деді.

Семей қаласының Ювеналды сотының судьялары медиацияның дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды

15/12/2016

Семей қаласының Ювеналды сотының төрағасы Р.Ақпар және  судьялары С.Азмағанбетова мен Р.Байжуманованы «Қазақстан медиаторлар Ассоциациясы (одағы)» ЗТБ бас директоры Ж.Жакуповтың, медиация институтының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті А.Жулаева, сот төрағасы Р.Ақпарға Қазақстан Республикасында медиацияны дамытуда және Келісім – азаматтық қоғам қалыптастыруда қосқан белсенді үлесі үшін алғыс хат табыстады.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай Семей қаласының судьялары мерейтойлық медальмен марапатталды

15/12/2016

Семей қаласы  Әкімінің  аппараты ғимаратында Тәуелсіздік күнін атап өту қарсаңында судьялар қауымдастығының өкілдері марапатталды.

Қала Әкімі Е. Салимов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты мерейтойлық медалін Семей қаласы сотының төрағасы Т.Касимовқа және судья К. Ибраеваға табыс етті.

Сотта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті

15/12/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында сот ұжымы, кәсіпқой емес медиаторлар және БАҚ өкілдерінің қатыстысуларымен Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Сот төрағасының м.а. С.Жүніспекова жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесі – Қазақстан Республикасының ұлттық мейрамымен құтықтады. Осы атаулы күнмен бірге бейбітшілік, қоғамдық келісім, әрі ұлттық ынтымақтастық сынды ұғымдар біздің өмірімізге енгенін атап өтті.

Жол-көлік оқиғасының салдары

15/12/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында М.Акибаевқа қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының, 3-бөлігімен (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) қылмыстық іс қаралды. 

Аңшы мылтығын заңсыз алып жүргені үшін жазаланды

15/12/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482-  бабының 1-бөлігімен (жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азамат С.Шомановқа қатысты әкімшілік  ісі  қаралды.

Іс  материалдарынан, С.Шоманов ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы 12 калибрлі аңшылық мылтықты заңсыз алып жүргені анықталды.

Зайсан аудандық соты 2016 жылдың 11 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді

15/12/2016

Зайсан аудандық  cотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Зайсан ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында аудандық сотпен 2016 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстардың қорытындылары бойынша брифинг өткізді.

Іс-шара барысында сот төрағасы Б.Н.Мергембаев есепті мерзімде атқарылған жұмыстар жөнінде, статистикалық мәліметтерді көрсете отырып баяндама жасады. Статистикалық есепке сәйкес, аудандық сотта 2016 жылдың 11 айында 106 қылмыстық, 528 азаматтық, 749 әкімшілік құқық бұзушылық істері қаралған.

Шетел азаматы кедендік шекара арқылы өткізуге шектеу қойылған қымбат тасты өткізбекші болғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды

15/12/2016

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, Қытай азаматы Т.,  Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына «Майқапшағай» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткізуге шектеу қойылған 1 800 000 теңгеге бағаланған 2 килограмм «Бирюза» жартылай қымбат минерал тасын кедендік шекара арқылы өткізбекші болған.

21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқан

15/12/2016

Зайсан аудандық сотында алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған дүкен сатушысы А.Қуамбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сейкес, А.Қуамбаев сауда дүкенінің сатушысы бола тұра жасы 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқан.

Бородулиха аудандық сотының төрағасы сот жүйесінің ардагерлеріне барып қайтты

15/12/2016

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова республика Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен Жаңа жыл қарсаңында сот жүйесінің ардагерлеріне барып қайтты.

Сандуғаш Досановна  ардагерлер Л.Г. Кочуринаның, Л. М.Платонованың үйіне барып, ардагерлердің денсаулықтары мен жағдайларын біліп, сондай-ақ, оларға көптеген жылы тілектер мен сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өткізілді

15/12/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шараға төраға Б.Ә.Кәсенов, судьялар Е.С.Қоянбаев, Н.А.Жақсыбекова, Қ.Б.Зәбенов, Л.А.Побияха, кеңсе меңгерушісі А.Қ.Кайсанова және сот мамандары қатысты.

Тарбағатай аудандық сотында «ҚР Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» қарсаңында салтанатты жиын өтті

15/12/2016

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» қарсаңында  Тарбағатай аудандық сотында салтанатты жиын өтті.

Жиынға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы, ұзақ жылдар прокуратура саласында үздік қызмет атқарған, қазіргі уақытта адвокаттық қызметте жүрген Байтлеуов Ақас Хамзаұлы шақырылды.

Ақас Хамзаұлы аудандық сот ұжымын «Тәуелсіздіктің 25 жылдық» мерекесімен құттықтап, ел тәуелсіздігінің баянды болуын тіледі.     

Тәуелсіздік күні аталып өтілді

15/12/2016

Жарма аудандық сотында сот төрағасы, судьялар және сот мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік жиын өтті.

Жарма аудандық сотының төрағасы Т.Н. Алимханов жиынға қатысушыларды келе жатқан мейраммен құттықтады. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдары Қазақстан ауқымды жұмыстың арқасында саяси және экономикалық табысты жүйеге қол жеткізгенін атап өтті. Еліміздің Тұңғыш Президентінің көреген саясатымен Егемен Қазақстан қиын қыстау кезеңде төзімділік көрсетіп, еліміздің дамуының жаңа белестерін бағындырды.

Тарбағатай аудандық сотында Судьялық әдеп кодексі талқыланды

15/12/2016

Тарбағатай аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге соттың судьялары, аудандық прокуратура және әкімдік қызметкерлері, БАҚ және қоғамдық ұйым өкілдері, сот қызметкерлері мен тұрғындар қатысты.

Тәуелсіздік мерекесіне орай дөңгелек үстел өтті

15/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай  «Тәуелсіздік жолында» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар мен сот мамандары қатысты.