Архив событий

12/12/2016

Бородулиха аудандық сотында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында сот қызметкерлерінің балалары арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды

12/12/2016

Бородулиха аудандық сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында сот  қызметкерлерінің балалары арасында «Тәуелсіз Қазақстан балалар көзімен» тақырыбында суреттер байқауы ұйымдастырылды.

Патриоттық тәрбие, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық бірлікке тәрбилеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу, өткізілген конкурстың негізгі мақсаты болып табылды.

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында семинар өткізілді

12/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке трлмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.М.Тұтқанбаева  Достық үйі - қоғамдық келісім орталығындағы Медиация кабинетінде «Медиацияны қолдану» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға  «Медиаторлардың ұлттық палатасы» АӘҰ-нің басшысы М.И.Дячук қатысты.

Сот ізгілігін бағаламағандықтан бас бостандығынан айырылды

12/12/2016

Зырян аудандық соты ШҚО бойынша ҚАЖД Зырян ауданының №1 пробация қызметінің ұсынысы бойынша бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы материалды қарады.

Сотта істі қарау кезінде, сотталған В.Н.Пятков ҚАИ тіркеуге алынып, бірақ мекемеге белгіленген мерзімде келіп тұрмай, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, пробация қызметкерлерінің ескертуінсіз тұрғылықты мекенін өзгерткені анықталды.

Аса ірі мөлшерде есірткі заты морфинді өткізгені үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды

12/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК 297-бабы, 2-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) В.Штайгервальдқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Азаматтық процестегі медиация

12/12/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғимаратында сот төрағасы А.Қ.Рамазановтың төрағалық етуімен  «Азаматтық процестегі медиация»  тақырыбында дөңгелек  үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға ШҚО МАЭС судьялары, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Е.А.Абдрахманова, заңды тұлғалардың және ұйымдарның өкілдері қатысты.

«Сот кабинеті»

12/12/2016

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  соты «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктерін және оны қолдануды түсіндіру мақсатында, Өскемен қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының  адвокаттарына дөңгелек үстел өткізді.

Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

12/12/2016

Семей қаласының №2 сотымен  ҚР ҚК-нің 108- бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) жеке шағым бойынша жеке айыптау тәртібімен Д. Оразаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды

Сотта істі қарау барысында,  Д.Оразаева жәбірленушінің  кәмелетке толмаған баласын үйдің ауласында итеріп жіберген, оған осы әрекетімен денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіргендігі анықталды.

Басты сот талқылауында медиатордың қатысуымен тараптар медиативтік келісімге келіп, іс бойынша сот өндірісін қысқартуын сұрады.

Қасақана алимент төлемеушілер жазаланды

12/12/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша екі әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, борышкерлер алимент төлеуден қасақана жалтарған. Әр қайсысының қарыз соммалары 500 000 теңгеден асқан.

Сот алимент төлеуден жалтарған құқық бұзушыларды 2 және 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы қаулылар шығарды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

12/12/2016

Курчатов қалалық сотымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының, 1-бөлігі (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша азамат  С.А.Кудыжинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес сотталушы С.А.Кудыжин жәбірленушінің саяжай учаскесінен картоп ұрлаған.

Сот отырысында екі жақ келісімге қол жеткізіп, тараптар судья медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, соттан қылмыстық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

12/12/2016

Зырян аудандық сотында соты ӘҚБтК 73-бабының 1-тармағында (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ф.Огневқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, Ф.Огнев өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына  қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, жақтар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Бородулиха аудандық сотының төрағасы ШҚО МКҚБ қызметкерлерімен семинар өткізілді

12/12/2016

Бородулиха аудандық сотында ШҚО МКҚБ қызметкерлерімен сот ғимаратына кіріп-шығу режимінің мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасы С. Байбосынова, кеңсе меңгерушісі   А. Касенова, сот приставы Э. Сейлханов, МКҚБ қызметкерлері қатысты.

Семинар өткізудің негізгі мақсаты - сот қызметкерлерінің сот талқылауына  қатысушылармен процессуалдық емес қатынастардың алдын-алуы және ескертуге кешенді түрде шаралар қолданып, кіріп-шығу  режимінің талаптарын сақтау болып табылады.