Архив событий

02/12/2016

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/12/2016

Тарбағатай аудандық сотында талапкер Т. мен жауапкер Д. арасындағы  баласымен кездесуге қарсылық көрсетпеу және кездесуді тәртіппен бекіту туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқысы барысында талапкер мен жауапкер өзара келісімге қол жеткізіп, тараптар судья медиатордың араласуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, соттан азаматтық  істі өндірістен қысқартуды сұраған.

Сот талапкер мен жауапкер арасында жасалған медиация тәртібіндегі келісімді бекітіп, азаматтық іс қысқартылды.

ШҚО Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

02/12/2016

Тарбағатай  ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан  Республикасы  судьяларының  кезектен  тыс VII съезінде қабылданған  судьялық  Әдеп   кодексін  талқылау»  тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек  үстелге Ақжар  ауылдық  округінің әкімі  А.Ж.Боғырбаев, әкімнің  орынбасары  А.Байжұманов және кәсіби  емес медиаторлар С.Бектаев пен  Т.Дүйсенов, БАҚ  өкілі  Б.Баймұратов және сот  қызметкерлері қатысты.

Тарбағатай аудандық сотында Судьялық әдеп кодексі талқыланды

02/12/2016

Тарбағатай аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған судьялық Әдеп кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге соттың судьялары, аудандық прокуратура және әкімдік қызметкерлері, БАҚ және қоғамдық ұйым өкілдері, сот қызметкерлері мен тұрғындар қатысты.

Мемлекет пайдасына өндірілген қаражатты төлемегені үшін қамаққа алынды

02/12/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабы  (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат М.Сапиевке қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Қазақстан Республикасы Судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған «Судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

02/12/2016

Зайсан аудандық сотында судьялардың, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік емес ұйымдардың, жергілікті тұрғындар, адвокаттардың және  БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған «Судьялық әдеп  кодексін талқылау»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Сот жүргізушіге айыппұл салды

02/12/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша азамат Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Заңсыз балық тасымалдағаны үшін айыппұл тағайындалды

02/12/2016

Зайсан аудандық соты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істі қарады.

Қоғамдық орынға масаң күйде келгені үшін әкімшілік қамаққа алынды

02/12/2016

Тарбағатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабы, 4-бөлігі (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам жасаған әрекеттер) бойынша азамат А.Абдилмановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, азамат А.Абдилманов қоғамдық орында «орта» дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде адамның қадір-қасиетін әрі қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіретін күйде жүргені анықталды.

Абай аудандық сотында «ҚР судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

02/12/2016

Абай аудандық сотында «ҚР судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Аталған іс-шараға аудан прокуратурасы, аудан әкімі аппаратының, Абай аудандық ІІБ-нің өкілдері,  кәсіби емес медиаторлар және «Абай елі» газетінің тілшісі қатысты.

Үкімдердің орындалуына қатысты материалдарды қарау барысындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді

02/12/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндігі сот алқасының төрағасы К.Чакпантаевтың берген тапсырмасына байланысты,  Өскемен қаласының №2 сотында сот тәжірибесін бірқалыпты қалыптастыру мақсатында үкімдердің орындалуына қатысты материалдарды қараудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек стол ұйымдастырылды.

Бородулиха аудандық сотының тергеу судьясы брифинг өткізді

02/12/2016

Бородулиха аудандық сотының Тергеу судьясы Д.Наукенова Бородулиха ауданы  прокуратурасының ғимаратында «Тергеу судьясының санкциялау мәселелері  тінту, алу, жеке тінтуді қарау, сондай-ақ оларды заңды тану " тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингке  аудан прокуроры Д.Кенжебеков, прокурор  орынбасары Д.Серекбаев, АІІБ бастығының орынбасары С.Мұлдашев,  Бородулиха АІІБ тергеушілері мен анықтаушылары қатысты.

«Тарихи оқулар»

02/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу қарсаңында ШҚО Катонқарағай аудандық сотының ғимаратында «Қазақстан Республикасының қалыптасуы» тақырыбында оқылу өткізілді.

Шараға аудандық судьялар, сот қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері және Катонқарағай аудандық ішкі саясат мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері қатысты.

Тұңғыш Президент күніне...

02/12/2016

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Риддер қалалық сотының ауласына мерекелік баннер орнатылды.

Сонымен қатар, осы мереке аясында Риддер қалалық сотының ғимаратының жертөлесіндегі спорттық залда үстел  теннисінен, гір көтеруден турнир өткізілді.

Турнирге Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Қ.Адаспаев, судьялар М.К.Тоқжанов, Б.С.Уйданов және сот мамандары қатысты. Үстел тенисінен судья М.К.Тоқжанов алдына жан салмаса, гір көтеруден аға пристав А.Кесикбаев мықты болып шықты.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

02/12/2016

Ұлан ауданының 2  аудандық сотында,  Таврия ауылының орта мектеп оқушыларына арналған  "Ашық есік күні" өтті.

Кездесу барысында кеңсе меңгерушісі Н.Омарова келушілерге сот жұмысы туралы  айтты. Соңғы жылдары соттың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жақсарғаны, сонымен қатар, барлық аудандық және қалалық соттар сот отырыстарының дыбыс – бейне жазу жабдықтарымен толығымен жабдықталған, бұл сот өндірісінің ашықтығы  мен қолжетімділігін қамтамассыз ететіндігі айтылып өтті.

«Статус»Әйелдер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Өскемен қаласының №2 сотының мамандарына семинар-тренинг өткізді

02/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотында «Гендерлік саясат» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингті «Статус» Әйелдер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Көптева жүргізді.

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының судьяларының VII съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп кодексін түсіндіру бойынша кездесу өтті

02/12/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында  2016 жылдың қараша айының 21-де Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының судьяларының VII съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп кодексін түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесуге сот төрағасы А.Аринова, кәсіби емес медиатор Ш.Утепов, Ұлан ауданының прокуроры А.Көлбаев, сот мамандары және ауыл тұрғындары қатысты.

«Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында кеңес өткізілді

02/12/2016

Үржар аудандық сотының ғимаратында «Қазақстан  Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған жаңа судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбына кеңес өткізілді.

Аталған шараға Үржар аудандық сотының судьялары мен қызметкерлері, аудандық прокуратураның, ішкі істер бөлімінің, аудандық әкім аппаратының өкілдері, Үржар ауылдық округінің мамандары, құқықтық көмек көрсету бойынша жеке кәсіпкерлер, кәсіпқой емес медиаторлар, аудандық «Уақыт тыныс» газетінің өкілі қатысты.

Республика судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған Судьялық әдеп кодексін талқылау» жөнінде кеңес өткізілді

02/12/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотының  төрағасы Т.С.Адильжанов   Жарма ауданының ІІБ-нің Шар ЖПҚ басшысы Р.Исаковтың, Шар аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы С.Е.Баядиловтың, Жарма технологиялық колледж директорының орынбасары М.К.Дузбаевтың, Халық банк АҚ Шар қаласының филиалының өкілі Д.Шынғожаевтың, Жарма ауданының мамандырылған күзет қызмет басқармасының өкілі А.Букаевтың   қатысуларымен «Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс  VII съезінде қабылданған Судьялық әдеп кодексін талқылау» туралы кеңес өткізді.

Жаңа Судьялық әдеп кодексі талқыланды

02/12/2016

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық сотының төрағасы Б.Т.Секербеков Қазақстан Республикасы судъяларының кезектен тыс VІІ съезінің қорытындысына араналған кеңес өткізді.

Зырян аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

02/12/2016

Зырян аудандық сотында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мақсатында кезекті іс шара «Ашық есік күні» өткізілді.

Сот төрағасы  А.Е.Исмагуловтың  қабылдауына аудан тұрғындары алимент өндіру және неке бұзу туралы жөніндегі  сұрақтармен жүгінді.

Сот төрағасы аудан тұрғындарын тыңдап, кейбір заңнамалардың нормаларына сәйкес, барлық жүгінулерге түсініктер беріп, сотта ай сайынғы өткізілетін іс-шаралар жөнінде ақпараттандырды.

           

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында «Судьялық әдеп кодексін» талқылау бойынша семинар өткізілді

02/12/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық   сотының судьяларымен  Қазақстан Республикасы Судьяларының VII съезінде қабылданған «Судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында  ауылдық мәдениет үйінде семинар өткізілді. Бұл шараға сот төрағасы А.Әли, судья Г.Кудербаева, аудандық «Арай» газетінің тілшісі Ж.Қызыр, ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері, сондай-ақ басқа мекемелер қызметкерлері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Дөңгелек үстел өткізілді

02/12/2016

Бүгін Күршім аудандық сотында сот төрағасы Е.Шымыров «Мұраны алу мерзімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Басқосуға Күршім ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Нұрсоветов, нотариустар және  Күршім ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары  және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Сот төрағасы бұл басқосуға ауданда мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы, қабылдаудан бас тарту мерзімін ұзарту туралы талап арыздардың көп түсуі негіз болғанын тілге тиек етті.