Архив событий

14/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотында судьялар арасында семинар өтті

14/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотында  судьялар арасында семинар сабағы өткізілді. Семинарда судьялар С.Бекишева, М.Аргимберде баяндама оқыды.

Судья С.Бекишева «ҚР ҚК 6-бабы тағылған жазаны жеңілдету бөлігін іс-тәжірибеде қолдану» атты тақырыбындағы баяндамасында, сотпен  қаралған өтініштерге статистикалық мәліметтер келтірді. ҚК-тің 6-бабы бойынша қайта қаралған сот актілерімен таныстырып, апелляциялық сатымен өзгертілген сот қаулыларына талдау жасады.

2016 жылдың 11 айындағы жұмыстары қорытындыланды

14/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2016 жылдың  11 айындағы жұмыстарының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Аталған кеңеске сот ұжымы қатысты.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына «Ашық есік күні» өткізілді

14/12/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараның басты мақсаты халыққа құқықтық көмек көрсету,  олардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту болып табылады.

Сот төрағасы А.Молдағожина шараға келген адамдарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына қолданыстағы заң төңіргенінде түсіндірулер жүргізді.

Сот төрағасы өздерін толғандырған мәселелерімен жүгінген азаматтардың сұрақтарына толық жауаптар берді.

 

«Істерді автоматты түрде бөлу жөніндегі қағидалар» тақырыбында семинар өтті

14/12/2016

Көкпекті ауданының  №2 аудандық сотының жетекші маманы Р.Келиспаева  «Төрелік» Қазақстан Республикасы сот органдарының автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде істерді автоматты түрде бөлу жөніндегі қағидалар» тақырыбында сот қызметкерлеріне арналған семинар сабағын өткізді.

Сот актілерін орындау бойынша дөңгелек үстел өтті

14/12/2016

Көкпекті ауданның №2 аудандық сотында «Сот актілерін тиісті түрде орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудан прокурорының м.а. Б.Қарымсақов, жеке сот орындаушы А.Ибраимов, жергілікті Самар полиция бөлімінің бастығы Т.Қалиев және т.б. қатысты.

Сот төрағасы Н.Нұралинов өз сөзінде, азаматтық іс жүргізу заңнамасының атқарушылық құжаттарды рәсімдеу және оларды дер кезінде орындауға жолдау бойынша нормалардың талаптары орындалуда екендігін атап өтті.

Көкпекті аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

14/12/2016

Көкпекті аудандық сотында «ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабымен қарастырылған құқықбұзушылық туралы әкімшілік істерді рәсімдеу тәртібі және олар бойынша шығарылған сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай шара өткізілді

14/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотымен Катонқарағай ауылындағы орта мектептерінің оқушыларының қатысуымен дойбы және шахмат ойындарынан жарыс ұйымдастырылды.   

Жарыс Катонқарағай ауылындағы «Қаратай» спорттық кешенінде өткізілді.

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Әли, судья Г.Кудербаева, мектеп директорлары мен қонақтардың қатысуымен жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай спорттық шара өткізілді

14/12/2016

ШҚО Зырян аудандық сотының бастамасымен Зырян қаласының хоккей модулінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Заң және спорт, тұрақтылық пен сәттілік» тақырыбында спорттық шара өткізілді.

Аталған шараның мақсаты салауатты өмір салты мен құқықтық сауаттылықты насихаттау, оқушылар арасында спортты жандандыру болды.

Жарысты бастамас бұрын сот төрағасы А.Е.Исмагулов сайысқа қатысушылардың барлығын ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Жарма аудандық сотының судьялары мен қызметкерлерінің қызметі ескерілді

14/12/2016

Жарма ауданының Мәдениет үйінде  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға Шығыс Қазақстан облысының Әкімдігінің өкілдері, ауданның еңбек, соғыс ардагерлері және тұғындары қатысты.

Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов өз сөзінде сот жүйесі қызметкерлерінің Республика Тәуелсіздігінің дамуына  қосқан үлесі жөнінде атап өтті.

Медиаторлар алғыс хаттармен марапатталды

14/12/2016

Бородулиха аудандық сотында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бес жылдығы аясында мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шараға Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д. Байбосынова, аудан прокуроры Д.Б.Кенжебеков, судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.