Архив событий

20/12/2016

«Сот кабинеті» электрондық сервисі» тақырыбында семинар өткізілді

20/12/2016

Бесқарағай аудандық сотында  «Сот кабинеті» электрондық сервисі»  тақырыбында семинар өткізілді. Сот жүйесіне деген азаматтардың сенімін арттыру, жеңілдетілген сот ісін жүргізу, сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында,  сот төрелігін жүзеге асыруда заманауи ақпараттық технологияларды енгізу бойынша көптеген іс шаралар жүзеге асырылды.

Шараны өткізудің басты мақсаты – «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктерін түсіндіру мен қолдану болып табылады.                                                             

Бесқарағай аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастағы жанжал бейбіт жолмен шешілді

20/12/2016

Бесқарағай аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)   қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапқа тартылған Б.Даньяровқа қатысты әкімшілік істі қарады.                        

Сотта,  Б.Даньяровтың өз үйінде жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқандығы анықталды.                                     

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында судьялар мен сот қызметкерлері марапатталды

20/12/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында судьялар мен сот қызметкерлеріне  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  25 жыл» мерекелік медалі және  алғыс хаттар  табысталды.

«Гендерлік саясатты дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/12/2016

Жарма аудандық сотында «Гендерлік саясатты дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Жарма ауданы сотының судьясы Л.Ж.Акалаева, прокурор К. Джунусов, адвокат Ж. Абдрахманова, ОВ-156/18 мекемесінің өкілі Г. Кенжебекова және сот мамандары қатысты.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

20/12/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы, 2-бөлігімен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Ресей азаматы Д.Филатовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Д.Филатов Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өтіп,  ішкі істер органында тіркеусіз жүрген.

Сотта шетелдік кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетіндігін білдірді. Мұны сот жеңілдететін мән-жайға жатқызып, оған 15 АЕК айыппұл санкциясын қолданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ұлан аудандық сотында «Сот іс қағаздарын жүргізудегі - мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар өткізілді

20/12/2016

Ұлан аудандық сотында кеңсе меңгерушісі Н.Ж.Кисыкова кеңсе мамандарының қатсуымен «Сот іс қағаздарын жүргізудегі - мемлекеттік тіл» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Семинардың мақсаты мамандарға Қазақстан Республикасының стандартына сәйкес сот өндірісіндегі құжат айналымдарын, хат алмасу құжаттарын, істі рәсімдеу және мұрағатқа құжаттарды мемлекеттік тілде өткізуді үйрету болды.

Тарбағатай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекесі қарсаңында берілген марапаттар табысталды

20/12/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында мереке қарсаңында облыстың судьялары мен кеңсе мамандары шақырылған салтанатты жиын  өтіп,  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекесі қарсаңында өзінің қызметтік міндеттерін адал, үлгілі және мінсіз орындағаны үшін» марапатталғандардың қатарында Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуақасоваға Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Құрмет грамотасы» берілді.

Сот сенімін ақтамады

20/12/2016

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық соты пробация қызметінің сотталған Т.С.Жакиевқа қатысты бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығын айыру жазасына алмастыру туралы ұсынысын қарады.

Іс материалдарында көрсетілгендей, Т.С.Жакиев денсаулыққа ауыр жарақат келтіргені үшін сотталған. Сот жаза тағайындау кезінде қоғамнан оқшаулатпай-ақ түзелу мүмкіндігін ескеріп, оған пробациялық бақылау орнатумен бас бостандығын айыруға қатысты емес жаза тағайындаған, осылайша оған сенім білдірген.

Соттық хабарламалар мен шақырулар тәртібі туралы оқу семинары өтті

20/12/2016

Ұлан аудандық сотында соттық хабарламалар мен шақырулар тәртібі туралы оқу семинары өтті.

Іс-шараға сот төрағасы М.М.Халмурзаев, соттың кеңсе меңгерушісі Н.Ж.Кисыкова, бас мамандар – сот отырысының хатшылары А.З.Гайсина, С.Т.Ашимжанова, бас маман Р.Х.Чамакаев, жетекші мамандар Н.О.Сатпаева, Ш.Б.Жомартова қатысты.

«Сот ғимаратына өткізу тәртібін сақтау» тақырыбында семинар өтті

20/12/2016

Көкпекті ауданының  № 2  аудандық сотында «Сот ғимаратына өткізу тәртібін сақтау»  тақырыбында семинар өтті.

Семинар сабағын өткізудегі басты мақсат – сот ғимаратына өту режимін сақтау және нығайту, жемқорлық туралы заңнаманы сақтау.

Аталған шараға соттың приставы Р.Суйеукенов және Күзет қызметінің взвод полицейлері Н.Ахметов, Б.Бейсенбинов, Д.Кошербаев қатысты.

Сотта медиация тәртібінде екі әкімшілік іс қаралады

20/12/2016

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) әкімшілік құқықбұзушылар Т.Батырханов пен Б.Байғұнақовқа қатысты екі әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарынан, ББайғұнақов және  Г.Батырханова  алкогольдік масаң күйде жәбірленушіге балағат сөздер айтқан.

Сотта жәбірленуші құқық бұзушыларды кешіріп, дауды медиация тәртібінде реттеу туралы медиациялық келісім жасасты. Сот аталған келісімді бекітіп, істі қысқартты.

Атыс қаруы мен оқ-дәріні ұрлағаны үшін сотталды

20/12/2016

Бородулиха аудандық сотымен ҚР ҚК 291-бабының 1-бөлігі қарасты (атыс қаруы мен оқ-дәріні ұрлау туралы) А.Манторовқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А.Манторов алкогольдік масаң күйінде, танысының сейфінде «ИЖ 12» маркілі қару бар екендігін біле тұра жасырын сейфті ашу арқылы қару және 4 оқ дәріні ұрлаған, осылайша жәбірленушіге жалпы соммасы 60 400 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Ұлан аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/12/2016

Ұлан аудандық сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтарын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға сот төрағасы М.М.Халмурзаев, соттың судьялары мен мамандары, Ұлан ауданының прокуратурасының өкілдері, жергілікті мекемелердің «Молодежный» МКК-нің, «Жемчужина» МПК-нің өкілдері қатысты.

Артық төленген зейнетақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды

20/12/2016

Катонқарағай аудандық сотында талапкер  «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның азамат А.Э.Нарестиннен артық төленген зейнетақы соммасын өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында, А.Э.Нарестин анасы қайтыс болғанан кейін «Казпочта»  АҚ-ның карточкалық есепшотынан 47 085 теңге зейнетақы шешіп алынғаны анықталды.

Шартты түрде сотталды

20/12/2016

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 189-бабы, 3-бөлігінің, 1-тармағымен (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар iрi мөлшерде жасалса) И.Лукьяненкоға қатысты қылмыстық іс қаралды

«Қылмыстық істерді қарағаннан кейінгі рәсімдеу және сот актілерінің орындалуы» тақырыбына семинар өтті

20/12/2016

Ұлан аудандық сотында «Қылмыстық істерді қарағаннан кейінгі рәсімдеу және сот актілерін орындау» тақырыбында сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарға кеңсе меңгерушісі Н.Ж.Кисыкова, бас мамандар-сот отырысының хатшылары А.З.Гайсина, С.Т.Ашимжанова, бас маман Р.Х.Чамакаев, жетекші мамандар Н.О.Сатпаева, Ш.Б.Жомартова қатысты.

Кеңсе меңгерушісі өз баяндамасында үкімді заңды күшіне енгеннен кейін оны атқаруға келтіру қажет екендігіне қатысушылардың назарын аударды.

Тұрғындардың назарына!

20/12/2016

Сот беделін көтеру, олардың жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету, Шығыс Қазақстан облыстық соты судьялыққа тағлымдамадан өту үшін бос орындарға жариялаған конкурсқа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу мақсатында тұрғындар назарына төмендегі тізім бойынша кандидаттарды ұсынады.

 

Аты-жөні,

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/12/2016

Тарбағатай  ауданының №2 аудандық  сотында сот төрағасы С.Ахмеджанов «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Тарбағатай аудандық прокуроры Б.Бекенов, жеке сот орындаушысы Г.Жунусбекова, Ақжар аумақтық сот орындаушылар бөлімінің іс жүргізушісі Г.Қапшүкірова және сот қызметкерлері  қатысты.

Ата-аналық міндеттерін орындамаған

20/12/2016

Зырян аудандық сотында ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамай, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған А.Захарцеваға қатысты әкімшілік іс қаралды.

А.Захарцеваның асырауында екі кәмелет жасына  толмаған балалары бар.  Ол балаларды тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамайды. Қазіргі уақытта балалар кәмелекет толмағандардың бейімделу Орталығында.

Зайсан аудандық сотында тіл мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

20/12/2016

Зайсан аудандық сотында «Мемлекеттік тілді қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға Зайсан аудандық сотының судьялары, құқық қорғау, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

«Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/12/2016

Ұлан аудандық сотының ғимаратында «Қазақстан  Республикасы судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Ұлан аудандық сотының судьялары А.К.Нұрғазин,  Х.К.Тлеубергенова, кәсіби медиатор Т.З. Танекенова, кеңсе меңгерушісі Н.Ж.Кисыкова, бас мамандар-сот отырысының хатшылары: А.З.Гайсина, С.Т.Ашимжанова, бас маман Р.Х.Чамакаев, жетекші маман Н.О.Сатпаева қатысты.

Әкімшілік іс медиция тәртібімен қысқартылды

20/12/2016

Бесқарағай аудандық ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) В.Шушпановқа қатысты қозғалған әкімшілік іс қаралды.

Неке бұзу бойынша азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/12/2016

Ұлан аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген.

Азаматтық іс бойынша тараптардың отбасын сақтап қалу мақсаты бойынша сот дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітті.

Ұлан аудандық сотының ұйғарымымен сот өндірісіндегі азаматтық іс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Басты жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралына жол бермеген

20/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Н. Слямбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

ШҚО экономикалық сотында қараша айында 20 партисипативтік келісім бекітілді

20/12/2016

Жеке кәсіпкер Е.А.Богданова ЖК Б.М.Нұрғазиннен қарызды өндіру туралы талап арызымен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

 Істі қарау барысында тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісімге келді. Келісім шарттары бойынша жауапкер белгіленген мерзімде қарызды өтеуге міндеттелген. Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.

Жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

20/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің  596-бабы, 3-бөлігінде (жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Захарьяновқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

«Сот шешімдері – орындалуға міндетті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

20/12/2016

Ұлан аудандық сотында «Сот шешімдері – орындалуға міндетті» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Шараға сот төрағасы М.М.Халмурзаев, аудан прокуроры Д.Татимбеков, мемлекеттік сот орындаушысы Ұ.Алибеков және аудандық ішкі істер бөлімінің уәкілдері қатысты.

Қоғамдық пікір туғызған істерге арналған брифинг өткізілді

20/12/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында жергілікті «Рауан»-«Заря» газетінің журналисі А.Мұхаметжановтың қатысуымен сотпен қаралған қоғамдық пікір туғызған істер бойынша брифинг өткізілді.

Соот төрағасының м.а С.Жүнісбекова, статистикалық мәліметтерге сай 2016 жылдың 11 айында сотпен 32 қылмыстық, 95 азаматтық және 106 әкімшілік істер қаралғандығын атап өтті. Істерді қараудың процессуалдық мерзімдері бұзылмаған. Медиация институтын қолдану арқылы 9 қылмыстық, 20 азаматтық және 21 әкімшілік істер қысқартылған.

Әкімшілік қамаққа алынды

20/12/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігінде (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған   П.Э. Логуновқа қатысты әкімшілік іс қаралды.