Архив событий

27/12/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

27/12/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы С.Ахмеджанов, прокурор Б.Бекенов, ШҚО бойынша  Тарбағатай аудандық  №1 пробация қызметінің басшысы М.Баяхметов,  Ақжар полиция бөлімінің  қызметкері А.Қауметов қатысты.

Рақымшылық жасау туралы заңның негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды

27/12/2016

Зайсан аудандық сотында көлік басқару құқығынан айырылған тұлғаның автокөлікті арақ ішкен масаң күйде басқарып жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай С. бұрын автокөлік жүргізу құқығынан айырылған тұлға бола тұра, Зайсан қаласының көшелерінің қиылысында, алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде автокөлік басқарып, жол жүру ережелерін бұзып, басты жолмен келе жатқан автокөлікке жол бермей соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған.

Көлік басқару куәлігінсіз масаң күйде көлік басқарғаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды

27/12/2016

Зайсан аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және     (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат Ж.Құлжановқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта құқық бұзушы Ж.Құлжановтың көлік құралын басқару құққығы жоқ адам бола тұра, автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Семей қалалық сотында жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті

27/12/2016

Семей қалалық сотында сот қызметкерлердің балаларына арналған «Жаңа жылдық шырша» мерекесі дайындалып, өткізілді.

Балалардың жаңа жылдық басты мерекесін  өткізу Семей қалалық сотында дәстүрге айналған. Ұсынылған мереке балалар және олардың ата-аналарына мерекелік көңіл - күй мен қуыныш сыйлады.

Қалалық мәдениет Үйінің әртістері көңілді мерекелік концерт ұйымдастырды. Осы жолы жас көрермендерді Аяз ата, Ақшақармен бірге, театрлы және ойын бағдарламалар, сонымен қатар ертегілер мен мультфильмдердің кейіпкерлері күтті. 

Әкімшілік іс медиция тәртібімен қысқартылды

27/12/2016

Бесқарағай аудандық сотында М.Мустафинға қатысты ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлігімен (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) қозғалған әкімшілік іс өндірісі  тараптардың медияциялық келісімге келуімен қысқартылды.                                                                 

Сот 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

27/12/2016

Зырян аудандық соты азамат В.Бердюгинға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат В.Бердюгин есірткілік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша, ол Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Катонқарағай аудандық сотында қылмыстық-атқару инспекциясының жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы 4 өтінішхаттар қаралды

27/12/2016

Катонқарағай аудандық соты  қылмыстық-атқару инспекциясының жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы 4 өтінішхаттарын қарады.

  Сот талқылауы кезінде анықталғаны, сотталған адамдар ата-аналарымен бірге тұратыны, тұрғылықты жерінде жағымды мінезделген, келтірілген залалды орындаған, жазасын өтеу кезінде заңды бұзушылықты жасамаған, спирттік ішімдіктерді қолданбайтындығы, қоғамдық тәртіпті бұзбаған, өздерінің жөнделгендіктерін дәлелдеген.

Семей қаласының адвокаттары партисипативтік рәсімдерін қолдануына белсенді қатысқандары үшін марапатталды

27/12/2016

Семей қалалық сотының судьялары А.Секенов және М.Давлетова сот төрағасының атынан партисипативтік рәсімдер институтын қолдану бойынша белсенді қатысқандары үшін адвокаттарға алғыс хаттарын табыс етті. 2016 жылы Семей қаласының 22 адвокаты марапатталды.

Іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану

27/12/2016

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Іс жүргізудегі мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Аталған семинарға сот төрағасы Б.Ә. Кәсенов, кеңсе меңгерушісі А.К.Кайсанова және сот мамандары қатысты.

Семинар барысында сот төрағасы Б.Ә.Кәсенов аталған шараның маңыздылығы ерекше екендігін атап, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілді құрметтеу қажеттілігі туралы айтты.

Глубокое аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

27/12/2016

Глубокое аудандық сотының төрағасы С.Жансейіт «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарылату мақсатында өткізіледі.

Ашық есік күніне келушілермен істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңын қолдану мәселелері талқыланды.

 Әрбір қойылған сұраққа қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасала отырып толық жауап қайтарылды.

 

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

27/12/2016

Бесқарағай   аудандық соты «Семей  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкерден көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.                      

Борышкерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарлама уақытылы тапсырылған, алайда берешек төленбеген.                                              

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық Заңын түсіндіру» тақырыбы аясында сотталғандармен кездесу өтті

27/12/2016

Бесқарағай аудандық ішкі істер бөлімінде Бесқарағай аудандық сотының төрағы А.А.Абдрахмановтың төрағалық етеуімен «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын түсіндіру» тақырыбында сотталушылармен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Бесқарағай ауданының прокуроры Е.С.Кошкин, Бесқарағай ауданы пробация қызметінің басшысы Э.А.Усербаев қатысты.

«Еңбек тәртібін және мемлекеттік қызметшілер әдебін сақтау» тақырыбы бойынша семинар сабағы өткізілді

27/12/2016

Глубокое аудандық  сотында «Еңбек тәртібін және мемлекеттік қызметшілер әдебін сақтау»  тақырыбы  бойынша семинар сабағы  өткізілді. Семинарға соттың кеңсе мамандары қатысты.

Семинар сабағы өткізілді

27/12/2016

Бесқарағай аудандық сотында «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесін» оқып-үйренуге байланысты семинар сабағы өткізілді.                                                                                              

Абайсыздан жол-көлік оқиғасын жасаған

27/12/2016

ШҚО Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен (жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын бұзып көлік құралдарын бүлдіріп, материалдық зиян келтіру)  К.С. Джумакановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай,  құқық бұзушы өзінің автокөлігін басқарып келе жатып, алдында бір бағытта келе жатқан  көлік құралын сол жағынан басып озу маневрін жасау кезінде сол жағынан қағып, жол-көлік оқиғасын жасаған.