Архив событий

29/12/2016

Жаңа 2017 жыл қарсаңында сотта салтанатты жиын өткізілді

29/12/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Анарбек Қожахметұлы Рамазанов салтанатты жиналыс өткізіп, сот ұжымын келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтады.

Сот төрағасы өткен жылы басты міндет – азаматтар мен ұйымдардың құқықтарының сот қорғауының тиімділігін қамтамасыз етуді сәтті жүзеге асыруға жағдай жасайтын едәуір шаралар қолданылғанын айтып өтті.

Анарбек Қожахметұлы барлық қатысушыларға бейбітшілік, жақсылық, зор денсаулық, бақыт және гүлденуді тіледі.

Жаңа жылдық шырша мерекесі

29/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.

Жаңа жылдық шырша мерекесінде түрлі байқаулар, ойындар, би мен ән-жырға ұласқан сөзжұмбақтар шешу жарыстары өтті. Әсіресе, балалардың жаңа жылдың басты кейіпкерлері – Аяз атамен және Ақшақармен кездесіп, сыйлық алуы оларды қуанышқа бөледі.

Балалар уақытын өте қызықты өткізіп, жаңа достар тауып, мереке қарсаңында қуаныш сезіміне бөленді.

 

 

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

29/12/2016

Тарбағатай аудандық сотында «Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Тарбағатай аудандық сотының төрағасы К.М.Садуақасова, прокурор Б.Бекенов, адвокат Ж.Н.Макижанов ШҚО бойынша  Тарбағатай аудандық  №2 пробация қызметінің басшысы А.Шабен және кеңсе қызметкерлері қатысты.

Зайсан аудандық сотында 2016 жыл жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті

29/12/2016

Зайсан аудандық сотында 2016 жылдың он екі айында атқарылған жұмыс қорытыныдысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судьялар Н.З.Хасенбаев, Г.С.Нуртазинова және сот қызметкерлері, аудандық «Достық» газетінің тілшісі А.Ахыт, аудандық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты.

Баспасөз мәслихаты барысында соттың төрағасы аталған кезеңде сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады.

Іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

29/12/2016

Зайсан аудандық соты талапкер Ж.-ның жауапкер Б.-дан 8400 теңге қарыз ақшасын өндіріп беру туралы азаматтық ісін оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарады.

Сот жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі. Талап арызға жауапкерден пікір немесе қарсылық сотқа түскен жоқ.

Тарбағатай аудандық сотының кеңсе мамандары арасында «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында семинарлық оқу өткізілді

29/12/2016

Тарбағатай  аудандық  сотының кеңсе меңгерушісі А.С.Касенғалиева сот мәжілісінің хатшыларына атқару парақтарының электрондық құжаты нысанында жазылып беріле алатындығы туралы түсіндірді.

Осыған орай, яғни өндіріп алушыдан сот актісін тиісті әділет органына не жеке сот арындаушысына  орындау үшін жіберу туралы арыз немесе талап-тілек түспеген жағдайда атқару парағын сот актісімен бірге өндіріп алушыға беру қажеттілігі пысықталды.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотымен жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды

29/12/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық  сотында Тарбағатай ауданының №1 пробация қызметінен Г-ны жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және қосымша жазадан босату туралы қолдаухаты қаралды.

Г., Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының үкімімен ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі 2, 3 тармақтарымен мүлкі тәркіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған.