Архив событий

13/12/2016

Қазақтан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

13/12/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық соты Ұлан ауданы әкімдігінің «Коммунальник» КМК заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 239-бабы,  1-бөлігі, 2-тармағымен (құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға, қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу анық емес қаржылық есептiлiктi ұсыну, қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау)  қарастырылған

Азамат жұмыс берушісін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сотқа өтініш жасады

13/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚР ҚК-нің 152-бабы, 3-бөлігімен (басқару функцияларын орындайтын адамның ақшаны өзге мақсаттарға пайдалануына байланысты жалақының толық көлемде және белгiленген мерзiмде төленуiн бiрнеше рет кiдiртуi) қылмыс жасаған П.Ананьев пен К.Липпертке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қала орталығының тұрғыны жеке өтініші бойынша сотқа жүгінген, ол өз өтінішінде П.Ананьев пен К.Липперт «ЛИК-ЗПКИ» ЖШС жетекшісі бола отырып, оларға жұмыс істеген 4 айының еңбек ақысын төлемегендігін айтып көрсеткен.

Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

13/12/2016

Семей қаласы №2 сотында ҚР ҚК-нің 293-бабының, 1-бөлігі (бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу), 114-бабының 3-бөлігімен (абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру) бойынша А.Каневқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Айыптау үкімі шығарылды

13/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің, 3-тармағы (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа берілген Р. Құсаиновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ерлі-зайыптылар сотта татуласты

13/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Ф.Зариповқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Аймақтық ұсыныстар

13/12/2016

Қазақстан Республикасы соттарының сот төрелігін жүзеге асыру сапасының  белгілерінің бірі болып, заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар саны болып табылады.

Өскемен қаласының №2 сотымен өткен жыл мен 2016 жылдың басынан қолданыстағы Қылмыстық және Қылмыстық іс-жүргізу кодекстеріне, заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы  33 ұсыныс енгізілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты  порталының аймақтық ұсыныстар бөлігінде осыған қатысты түсініктер берілді.

Іс медиатордың қатысуымен қысқартылды

13/12/2016

Семей қаласының №2 сотымен  ҚР ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) жеке айыпталушы Ж.Манабовқа қатысты жеке шағым бойынша жеке айыптау тәртібімен қылмыстық іс қаралды.

Жеке айыптаушы арызында азаматтық некеде тұрған Ж.Манабов, оны соққыға жығып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтірген үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

Басты сот талқылауында жәбірленушіден қылмыстық істі медиация  тәртібімен қысқарту жөнінде арыз түсті.

Тараптардың медиация келісімі негізінде татуласуларына байланысты іс өндірісі қысқартылды

13/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде (егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған В.Антроповқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Үш жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды

13/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Д.Айтықовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылды

13/12/2016

Курчатов қалалық сотымен  Қылмыстық кодексінің 346-бабының, 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі)  В.Б. Зазекоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізген

13/12/2016

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) азамат С.Стариченковқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс құжаттарына сәйкес, жүргізуші С.Стариченков көлік құралын жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйінде жүргізген.

Сотта медиация қолданылды

13/12/2016

А.Молукпаев Т.Нұржапардан жол көлік оқиғасы кезінде келтірілген материалдық залалды өндіру туралы талап арызымен Көкпекті ауданының №2 аудандық сотына жүгінді.

Медиатордың қатысуымен татуласты

13/12/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) И.Ушаковқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғандай,  И.Ушаков өз үйінде отбасы тыныштығын бұзып, жұбайын балағаттап, оның ар намысына тиетін сөздер айтқан.

Сот мәжілісі барысында тараптар медиация тәртібінде татуласып, соттан іс бойынша өндірісті қысқартуды сұрап, дауды медиация тәртібімен шешу туралы жазбаша келісімді сотқа ұсынды.

Әкімшілік қамаққа алынды

13/12/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) бойынша Р.Тукушевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Аягөз аудандық сотында қылмыстық іс қаралды

13/12/2016

Аягөз аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) А.К. Булантаевқа қатысты  қылмыстық ісі қаралды.

Сот көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

13/12/2016

Зырян аудандық соты азамат Д.Фромиллерға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сот анықтағандай, азамат Д.Фромиллер есірткілік масаң күйде автокөлік құралын басқарып, жол қозғалысына қауіп төндірген. Осылайша, ол Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзған.

Бейнеконференцбайланысты қолдану арқылы өтінішхаттар қаралды

13/12/2016

Жарма аудандық сотында бейнеконференцбайланысты қолдану арқылы төрағалық етуші судья Л.Ж. Акалаева мемлекеттік айыптаушы, қорғаушының қатысуымен ашық сот отырысында Солнечный кентінде орналасқан ОВ-156/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 15 сотталушының өтінішхаттарын қарады.

Жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлға тартылды

13/12/2016

Аягөз аудандық сотымен ҚР ӘҚБТК-нің 610-бабының 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған Г. Сарсемхановқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Тараптар келісімге келді

13/12/2016

Глубокое   аудандық  сотында  Қылмыстық Кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі (тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен ұрлық жасау) бойынша А.Головинге және Д.П.Кривыхқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Басты сот талқылауында, жәбірленушілерге келтірілген шығын толық өтелгендіктен және тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты дауды реттеу туралы келісімге келді.

 Сот қаулысымен А.В.Головинге және Д.П.Кривыхқа қатысты  қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Автокөліктен сақтаныңыздар

13/12/2016

Аягөз аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының, 1-бөлігімен (Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соққан бұзуы) Е.К. Ргаевқа қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Ргаев Е.К. автокөлігін басқару кезінде жаяу жүргінші қағып кетіп, оның денсаулығына орташа дәрежелі зиян келтірген.

Медиация – бейбіт шешім негізі

13/12/2016

Аягөз аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабының 1,3-бөлігімен (Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босататын куәлiктi немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не мұндай құжатты өткiзу, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттiк наградаларын дайындау немесе өткізу, көрiнеу жалған құжатты пайдалану) А.А.Айсабиеваға қатысты  қылмыстық ісі қаралды.

Глубокое аудандық сотымен ерекше талап белгіленді

13/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) жасағаны үшін Ю.Н.Бортниковқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, Ю.Н.Бортников  тұрғылықты мекені бойынша жанжал шығарып, бірге тұратын әйеліне былапыт сөздер айтқаны анықталды. Сотта істі қарау барысында, тараптар татуласып, сотқа дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді ұсынды.