Архив событий

30/12/2016

Құрметті шығысқазақстандықтар!

30/12/2016

Сіздерді келе жатқан Жаңа - 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке.

Жаңа жыл – әр үйге шаттық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, шуаққа бөлейтін отбасылық мереке. Барша адамдар бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.

2017 жыл қарсаңында балаларға арналған Жаңа жыл мерекесі өтті

30/12/2016

Зырян қаласында «Горняк» мәдениет үйінде Зырян аудандық сотының қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылып өткізілді.

Жаңа жылдық қойылымда ертегі кейіпкерлері және Аяз ата мен Ақшақар сөз сөйлеп, балаларға ғажайып көңіл күй және сыйлықтар сыйлады.

Балалар әшекейленген шыршаны айнала билеп, ойындарға қатысып  көңіл көтерді.

Мереке көңілді және қызықты өтті, жаңа жылдық ертегі қойылымдар балалардың көңілінен шықты.    

 

Жаңа жыл- жаңа жетістіктер!

30/12/2016

Ұлан аудандық сотында сот төрағасы Мұрат Мәуленұлы Халмұрзаев салтанатты жиын өткізіп, сот ұжымын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сот төрағасы өтер жылда азаматтардың, заңды тұлғалардың бостандықтарымен, заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Сот төрағасы Мұрат Мәуленнұлы сот ұжымына зор денсаулық, күш жігер, жақсы көңіл-күй, ұжымға тату тәттілік тілей отырып, алға қойған мақсаттарға, үлкен табысқа жетулеріне сәттілік тіледі.