Архив событий

21/12/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды қолдану мәселелері талқыланды

21/12/2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты, гуманизм принциптерін басшылыққа ала отырып,  2016 жылдың 13 желтоқсанында Президент Н.Назарбаев  «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма бес  жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң қыбылдады. Осыған орай, Шығыс қазақстан облыстық сотында Заңды қолдану мәселелерін талқылауға арналған семинар сабағы өткізілді.

Тіл - тәуелсіздік тұғыры

21/12/2016

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Мемлекеттік тіл ұлттық саясаттың тұғыры болуы керек!», сол себепті, Қазақстан Тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде мемлекеттік тілге  ерекше мән беріліп келеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, Өскемен қаласының №2 соты мемлекеттік тілді білу, дамыту мақсатында өзара сайыс өткізді.

Ашық есік күні өткізілді

21/12/2016

Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д. Байбосынова Ашық есік күнін өткізді.

Осындай іс-шараларды өткізу, тұтастай алғанда, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруда  маңызды рөл атқарады.

Сот төрағасымен азаматтарды  жеке қабылдау барысында барлық қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/12/2016

Үржар ауданының №2 сотында соты ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-тармағында (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған А.Амандасовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, А.Амандосов өзінің үйінде алкогольдік  масаң күйінде жанжал шығарып, жұбайына  қатысты балағат сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау кезінде, тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерін сотқа ұсынды.

Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзған

21/12/2016

 Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында құқық бұзушы Ресей Федерациясының азаматына  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Қазақстан Республикасына жеке шаруасымен келіп, ішкі істер органдарына уақытша тіркеуге тұрмаған.

Құқық бұзушы  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының, 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15  айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі 31 815 теңге  айыппұл  салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Көлікті алкогольдік масаң күйінде басқарғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

21/12/2016

Үржар ауданы  №2 сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлімі бойынша азамат В.В.Шевченкога қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде В.В.Шевченко алкогольдік ішімдік ішкен күйінде Үржар ауданы Мақаншы ауылында көлік құралын жүргізгені анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы В.В.Шевченко Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып,  3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Сотта семинар сабағы өтті

21/12/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық сотында кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен  «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» және «Сотта іс қағаздар жүргізу ережелері» тақырыптарында семинар сабағы өтті.

Үржар ауданы №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

21/12/2016

Үржар ауданы №2 сотында   азаматтардың сот  жұмысын ұйымдастыру тәртібімен таныстыру үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

Шара барысында сот төрағасы К.К.Конкаев елімізде жүргізіліп жатқан сот реформалары туралы таныстырып, келушілердің  сұрақтарына жауап берді, сот кеңсесінің меңгерушісі Г.Ибраева  талап арыздарды жаңа технологияны қолдану арқылы жіберу тәртібін түсіндіріп, іс жүзінде  талап арызды  «Сот кабинеті» сервисі арқылы жіберу тәртібін көрсетті.

Ата-ананың жауапкершілігі

21/12/2016

Ұлан ауданының №2  аудандық сотында құқық бұзушы Н.Черепановаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Ұлан ауданының тұрғыны Н.Черепанова 2016 жылдың қазан, желтоқсан айлары аралығында ата-ана ретінде кәмелетке толмаған екі баласын тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерін орындамай, оларды білім алатын мектепке сабақтарына жібермеген.

Қауіпсіз жылдамдық пен ара-қашықтықты сақтамау салдарынан ЖКО жасады

21/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған К.Амреновқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Мүліктік дауларда медиацияны қолдану

21/12/2016

Риддер қалалық сотында мүліктегі үлестерді анықтау туралы азаматтық іс қаралды.

 Істі  қарау барысында тараптардан сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу жөніндегі келісімді бекіту туралы өтініш түсті. Оның шарттары бойынша талапкер жауапкерлерге 1 200 000 теңгеден ақша төлейді. Жауапкерлер осы соманы қабылдап, орнына аталған мүліктегі үлестерін талапкерге береді.

Сот ұйғарымымен медиативтік келісім бекітілді. Іс бойынша өндіріс қысқартылды. 14 230 теңге көлеміндегі төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Ағаштарды заңсыз кескені үшін айыппұл тағайындалды

21/12/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Қылмыстық кодекстің 340- бабының 2-бөлігі бойынша (орман қорына енгізілген ағаштар мен көшеттерді жою немесе сындыру, заңсыз ағаш кесу) Қ.Сәрсекеновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғандай, айыпталушы арнайы ара мен балтаның көмегімен «Құрай молда» учаскесіндегі орманнан көлемі 1,5 куб метр болатын, үш құрғақ көктерек ағаштарын заңсыз кескен, нәтижесінде мемлекетке зиян келтірілген.

Курчатов қалалық сотында әкімшілік іс қаралды

21/12/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Қ.Б. Сарсеновке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Зырян аудандық сотында мемлекеттік тілді дамытудың мәселелері талқыланды

21/12/2016

Зырян аудандық сотында «Мемлекеттік тілді білу - басты талап» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судья Ф.А. Айнеков мемлекеттік тілге деген әрбір қадам бұл -халықтың бірлікке деген қадамы болып есептелетінін айтып өтті. Өз елінің мемлекеттік тілін білу халық арасындағы түсінікті дамытады, халық тарих пен тағдырдың ортақ екенін түсінеді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл"

21/12/2016

Көкпекті  аудандық сотында  сот приставы Б.Құржанбаев сот қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Аталған іс-шараға  кеңсе менгерушісі Ш.Қалдыбаева және сот қызметкерлері қатысты.

Өз баяндамасында Б.Құржанбаев сыбайлас жемқорлықпен күресу әр азаматтың міндеті екенін, сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне нұқсан келтіретіндігін, сондықтан да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу қажеттілігі туралы айтып өтті.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау

21/12/2016

Зырян аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 496-бабының 2-бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) әкімшілік ісі қаралды.

Зырян аудандық соты Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған шетелдікті жауапкершілікке тартты

21/12/2016

Зырян аудандық соты Ресей Федерациясының азаматы Н.Безрученкоға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

Іс материалдарына сәйкес, Зырян АІІБ-нің қызметкерлерімен тексеру жүргізу барысында Ресей Республикасының азаматы Н.Безрученко Зырян  ауданы Зубовск кенті Березовская  көшесінде уақытша тіркеліп,  осы кенттің Лазо көшесінде тұрып жатқандығы анықталған, яғни ол, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңының нормаларын қолданудағы кейбір мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

21/12/2016

Глубокое аудандық сотымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы» Заңының нормаларын қолданудағы кейбір мәселелер» тақырыбында жазаны атқару органының қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырды

21/12/2016

Зырян аудандық сотымен Зырян қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы, 3-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру - жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылған.

Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

21/12/2016

Ұлан ауданының № 2  аудандық сотында «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Ұлан аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының азамат К-ны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Жеке айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

21/12/2016

Бородулиха аудандық сотында жеке айыптаудың шағымы бойынша ҚР ҚК 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында тараптар медиациялық келісімге келулеріне байланысты қылмыстық істі тоқтату және сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініштерін сотқа ұсынды.

Сот қаулысымен ҚР ҚК 108-бабымен жеке айыптаушының жеке айыптау шағымынан бас тартуына байланысты және медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс  тоқтатылды.

Бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

21/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі (жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан жағдайда жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Е.Поповқа қатысты әкімш

Глубокое аудандық сотының ұжымы сот ардагерін құттықтады

21/12/2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын  мерекелеу қарсаңында Глубокое аудандық сотының  ұжымы ардагер  Магинур Хасановна Насибулинаны құттықтады.

Сот төрағасы С.Ж.Жансейіт ардагерді мерекемен құттықта келе, ризашылығын білдіріп, М.Х. Насибулинаға және жақындарына зор денсаулық, жақсылық пен қуаныш, татулық пен жарқын болашақ тіледі.  

Ардагер өз кезегінде, құттықтаулар мен жылы лебіздері үшін сот ұжымына үлкен алғыстарын білдірді.

Үржар ауданы №2 сотында қарызды өндіру туралы азаматтық іс тараптардың медиациялық келісімге келулеріне байланысты қысқартылды

21/12/2016

Сотта талапкер А.Д.Нұрғалиеваның А.А.Талмурзинадан қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарынан анықталғандай жауапкер А.А.Талмурзина  талапкер   қарызға ақша алып, қарызды уақытында қайтармаған.

Сот мәжілісінде тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі медиациялық келісімге келулеріне байланысты қысқартуды сұраған.

Сот тараптардың медиациялық келісімге келуіне байланысты істі тоқтатты.

Судья Рақымшылық Заңын түсіндірді

21/12/2016

Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында сот төрағасы Н.Нұралинов Пробация қызметі мен Самар полиция бөлімінің қызметкерлерімен, сонымен қатар пробация бақылауында жүрген сотталған тұлғалармен кездесу өтті.

Викторина өткізілді

21/12/2016

Бородулиха аудандық сотында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығын мерекелеу құрметіне сот мамандары арасында викторина өткізілдіі.

Викторинаға қатысушыларға Қазақстан тарихы, география бойынша, айтулы күндер мен мемлекеттік рәміздерді білу туралы сұрақтар қойылды. Сот мамандары берілген викторинаның бағыты бойынша жоғары білім деңгейін көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша Бородулиха аудандық сотының төрағасы С.Д.Байбосынова ең көп ұпай жинаған мамандарға мадақтамалар берді.

 

Көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы сот бұйрығы

21/12/2016

Бесқарағай   аудандық соты «Семей  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкерден көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.                      

Борышкерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарлама уақытылы тапсырылған, алайда берешек төленбеген.