Архив событий

22/12/2016

Ашық есік күні

22/12/2016

Риддер қалалық соты Достық Үйінде «Ашық есік күнін» өткізді.

Келушілер сот төрағасы Т.Қ.Адаспаевтың жеке қабылдауында болып, сот мұражайымен танысып, сот отырысы залдарын аралап көрді. Сонымен қатар, сот мұрағаты жұмысымен танысты.

Сот төрағасы келушілерге аудандық (қалалық) сот жұмысының басым бағыттарымен таныстырып өтті.

Сот 25 игі іс акциясына қатысты

22/12/2016

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесіне арнап «25  Игi істер» республикалық қайырымдылық акциясының  жүргізу аясында Көкпекті ауданының №2 аудандық сотының ұжымы Ерлан Ахметовтың отбасына материалдық көмек көрсетті.

Ерлан  4 сыныпта оқитын қызы Дильназды жалғыз өзі тәрбилеуде,  анасы қайғылы қаза тапқан, өзінің тұрақты жұмысы мен жеке үйі жоқ.

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының ұжымы қайырымдылық шарасына қатысты

22/12/2016

Ұлан ауданының №2 аудандық сотының ұжымы,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын орай,  «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 Игi істер» ұранымен өткізіліп жатқан акцияға қатысты.

Сот қызметкерлері, бес бала  тәрбеиелеп отырған  көп балалы  ана Д.Билялованың жанұясына келіп,  сот қызметкерлерінің қаржыларына алынған  сыйлықтар мен ойыншықтырды балаларға табыстады.

Көп балалы ана  қайырымдылық  іс шарасына ризашылығын білдіріп, аудандық соттың ұжымына  алғысын айтты.

 

Медиатордың қатысуымен татуласты

22/12/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотымен ҚР ҚК 188-бабы, 1-бөлігі, 3-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, яғни бөтеннің мүлкін ұрлаған деп айыпталған азамат Р.Тұмарбаевқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, сотпен медиация дауларды реттеудің балама тәсілі ретінде кәсіби емес медиаторларды қатыстырумен  жақтарды татуластыру бойынша шаралар қабылданды, нәтижесінде, тараптар дауды шешіп, татуласуларына байланысты істі қысқарту туралы  арыздарын сотқа бекітуге ұсынды.

Аягөз аудандық сотында брифинг өткізілді

22/12/2016

Аягоз аудандық сотында төраға Р.А.Тұрабаевтың ұйымдастыруымен  «Орындалмай жатқан сот актілері» бойынша  брифинг өткізілді.

Аталған іс-шараға судьялар, кеңсе меңгерушісі, Аягөз аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Ж.Жұмабаева, сот орындаушы А.Кенжегарина және облыстық басылым «Мөлдір сана» газетінің өкілі М.Қайдаш қатысты.

Қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

22/12/2016

Жарма аудандық соты «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 Игі істер» ұранымен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету масатында қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

Ауданымыздың мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған Жаңа Жыл шыршасында сот ұжымымен сыйлықтар табыс етілді.

 Жарма аудандық сотының судьясы өзінің құттықтау сөзінде Жаңа Жылда жаңа табыстар мен жетістіктерге қол жеткізуге тілектестік білдірді.  

 

Жарма аудандық сотының

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

22/12/2016

Зырян аудандық сотында ҚР ҚК 200-бабы, 1-бөлігі көзделген (автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)) қылмыс жасаған  И.А.Головкоға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, И.А.Головко алкогольді масаң күйінде жәбірленушінің автокөлігін құқыққа сыйымсыз иеленіп, қылмыс орнынан жасырынып қалғандығы анықталды.

Істі сотта қарау кезінде сотталушы мен жәбірленуші медиатордың қатысуымен медиативті келісімге келіп, істі қысқартуды сұрады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсанында қайырымдылық шарасы өткізілді

22/12/2016

Катонқарағай аудандық сотының басты жұмыстарының бағыттарының бірі балаларға қамқорлық жасау, яғни қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға әулеметтік көмек көрсету болып табылады.

Мысалға, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығында – 25 игі іс» қайырымдылық бағдарламасына орай, Катонқарағай аудандық сотының ұжымы мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әулеметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға ақшалай көмек көрсетті.

Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге байланысты «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 Игі істер» акциясы

22/12/2016

Көкпекті аудандық сотының ұжымы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге байланысты «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 Игі істер» ұранымен өткізіліп жатқан іс-шарасына атсалысты.

Сот ұжымы мүмкіндігі шектеулі, туа біткен мүгедек, жағдайы төмен отбасындағы  Дюсупов Артем Владимировичке материалдық көмек көрсетіп, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

 

Көкпекті аудандық сотының

баспасөз қызметі

Сотта рақымшылық қолданылды

22/12/2016

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында Қылмыстық Кодекстің 378-бабы, 1-бөлігімен (билік өкілін қорлау) айыпталған И.С.Иванисовқа қатысты қылмыстық іс қысқартылды.

Іс материалдарына сай, сотталушы  И.С.Иванисов Самар полиция бөлімінің ішінде алкаголдік масаң күйде полиция қызметкерлеріне тіл тигізіп, балағаттаған.

Сотталушы сотта өзінің кінәсін толық мойындап, рақымшылық актісін қолдану туралы өтініш түсірді.

Көлікті дұрыс жүргізбегені үшін айыппұл тағайындалды

22/12/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының, 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы)  И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот төрағасының есептік кездесуі

22/12/2016

Риддер қалалық сотында кез келген маңызды іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам өкілдерін шақыру оң тәжірибеге айналған.

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам өкілдері алдында Риддер қалалық сотының ағымдағы жылдың он бір айындағы атқарылған  жұмыстары жөнінде есеп берді.

Қайырымдылық акциясы

22/12/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік  соты «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына - 25 Игі істер» ic-шарасы шеңберінде қайырымдылық акциясын өткізіп, көп балалы, жағдайы төмен Удеровтар отбасына материалдык көмек көрсетті. Гульмира Удерова көп балалы ана, бес баланы тәрбиелеуде.

Осы ic-шара аясында сот ұжымы атынан көп балалы отбасыға көмір және азық-түліктер табыс етілді.

 

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотының

Медиация тәртібінде татуласу

22/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында С.А.Рахимбаевты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру), 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтiру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) айыптау туралы қылмыстық іс қаралуда.

Аталмыш іс бойынша сот отырысында тараптарға істі медиация тәртібінде тоқтату мүмкіндігі туралы түсіндірілді.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында 2 әкімшілік іс медиация тәртібімен қаралды

22/12/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы  1-бөлігімен Т.Карибаев және К.Төлеуовке қатысты әкімшілік істер қаралды.

Іс материалындарынан, Т.Карибаев  және К.Төлеуов ішімдік ішкен алкогольдік масаң күйілерінде өздерінің заңды некедегі жұбайларының ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, отбасы тыныштықтарын бұзған.

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл сұрақтары» тақырыбында бифринг өткізілді

22/12/2016

ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл сұрақтарына»  судья Г.Ж.Боранбаева  «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Э.Кунгурцевтің қатысуымен өткен кеңесте талқылады.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың жасалған тетіктері мен ұғымын ашу, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимылдарды, оған ықпал ететін себептері мен талаптары және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы түсіндіру болды. 

Медиатордың қатысуымен анасымен баласының арасындағы дау шешілді

22/12/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотына талапкер К. жауапкер Н.-дан оқу мерзімі аралығында алимент өндіру туралы арызбен жүгінді.

Сот істі қарау барысында талапкер жоғарғы оқу орнында екінші курс студенті  және жауапкердің баласы екені анықталды. Жауапкер 2003 жылы үйден кетіп, баларына ешқандай материалдық көмек көрсетпеген.

Зайсан аудандық сотында Рақымшылық туралы Заңды қолданудың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

22/12/2016

Зайсан аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Тәуелсізідігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық туралы Заңын» қолданудың өзекті мәселелері»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Н.Мергембаев, судьялар Н.З.Хасенбаев, Г.С.Нұртазинова,  аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, пробация қызметі өкілдері, мемлекеттік сот орындаушысы Г.Габдуллаева, жеке сот орындаушысы С.Салықбаева қатысты.

«Атқару құжаттарын орындауға жолдау»

22/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы сот актілерін орындауға жолдау» тақырыбында семинар өтті.

Кеңсе меңгерушісі А.К.Кайсанова сот отырысының хатшыларын қаулыларды, сот актілерін орындау  нұсқаулығымен таныстырып, сот актілерін орындауға жолдаған кезде электрондық түпнұсқасының әр реквизиттерін, яғни өндіруге жататын сомасын, орындалатын кұжат түрін толығымен толтыруды тапсырды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет» тақырыбында дәріс өтті

22/12/2016

Көкпекті аудананың № 2 аудандық сотының жетекші маманы Р.Келиспаева, Көкпекті ауданының № 2 пробация қызметкерлердің арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет» тақырыбында дәріс өткізді.

Лекция барысында жетекші маман Р.Келиспаева сыбайлас жемқорлықтың Қазақстандық қоғамда демократиялық оң өзгерістердің жүзеге асуы мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетіп, мемлекетіміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіретінін атап өтті.

Отбасы-тұрмыстық жанжал медиация тәртібінде реттелді

22/12/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша азамат Е.А. Тыныбаевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында,  Е.А.Тыныбаев  өзінің үйінде некедегі әйеліне сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп,  тыныштығын бұзғаны анықталды.