Архив событий

06/12/2016

«Жаңа судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында кеңес өтті

06/12/2016

Күршім ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының VII судьялар съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп кодексіне арналған кеңес өтті.

Кеңеске Теректі ауылдық округының әкімі, мемлекеттік мекемелердің басшылары және құқыққорғау органдарының өкілдері қатысты.

Сот шақыртуына келмегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

06/12/2016

Зайсан аудандық сотымен сотқа құрметтемеушілік білдіргеніне байланысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай   қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып танылғын  С.  сот отырысына себепсіз келмеген. Сол себепті сот отырысы кейінге қалдырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабына сәйкес, кез келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі сотқа құрметсіздік деп танылады.

Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінде "дөңгелек үстел" өткізілді

06/12/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Н.Мергембаев Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінде «Әкімшілік істерді рәсімдеу» тақырыбына  дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі Н.М.Түгелов, аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік  бөлімше басшысы майор Б.Какимов, аудандық ішкі істер бөлімі  басшысының орынбасары подполковник А.Жанғұнов және аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары және мамандарымен кездесу өткізді

06/12/2016

Судьялардың  VII съезінде Елбасының берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Семей  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары және  мамандарымен кездесу өткізді.

Досжан Сарманкұлұлы әр судьямен жекелеп кездесіп, сот төрелігін атқару барысында  туындайтын қиындықтар жайлы пікір алмасты.

Өскемен қаласының №2 сотында ҚР судьяларының кезектен тыс VII съезінде қабылданған судьялық әдеп кодексін талқылады

06/12/2016

Өскемен қаласының №2 сотында «Судьялық әдеп кодексін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Өскемен қаласының №2 сотының судьялары С.Бекишева, Қ.Салбанова, Өскемен қаласының прокуратура бөлімінің басшысы Р.Қадырбеков, Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының адвокаты К.Қалиакпаров, кәсіби медиаторлар М.Дячук, А.Каленова, Т.Танекенова, Л.Захарова, Н.Бақтыбаева, «Менің өлкем» облыстық газетінің тілшісі А.Өрібаев қатысты.