Архив событий

28/12/2016

Сот жүйесінің ардагері 90 жасқа толды

28/12/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары облыстық сот төрағасы Д.Әміровтың атынан Ұлы Отан Соғысының және  сот жүйесінің ардагері, облыстық соттың отставкадағы судьясы Виктор Меньшиковты  90-жасқа толу мерейтойымен құттықтады.

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

28/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  А.П.Приваловқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, А.П.Привалов тұрғылықты мекені бойынша жанжал шығарып, жұбайына былапыт сөздер айтқаны анықталды.

Сотта істі қарау барысында, тараптар татуласып, сотқа дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді ұсынды.

Глубокое ауданының медиация кабинетінде «Медиация –татуласу рәсімі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

28/12/2016

Глубокое аудандық сотының медиация кабинетінде «Медиация –татуласу рәсімі»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталмыш дөңгелек үстелге Глубокое ауданының кәсіби емес медиаторлары К.Ч.Конопьянова, С.Климова, Т.И.Глушкова, Н.С.Кузьмина және Е.А.Харитонова қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар медиация рәсімдерін, яғни медиатордың міндеттерін, медиация қағидаларын, медиация түрлерін және оның артықшылықтарын талқылады.

«Рақымшылық туралы» Заңды қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының Зырян аудандық сотында «Рақымшылық туралы» Заңды қолдану»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Зырян ауданының пробация қызметінің өкілдері мен прокуратура қызметкерлері және аудандық соттың судьясы К.С. Жанабилов қатысты.

«Гендерлік саясат» тақырыбына семинар сабағы өткізілді

28/12/2016

Глубокое  аудандық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. Ж.Еренбақов сот мамандарының қатысуымен  «Гендерлік саясат» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Семинар сабақтың негізгі мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсіндіру, сонымен қатар, осы гендерлік теңдік саласында жағдайды жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы жеткізу.

  Өз сөзінде Ж.Еренбақов, қазіргі таңда Қазақстанда гендерлік теңдік саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына сай жүргізілетінін атап өтті.

Әкімшілік қамаққа алынды

28/12/2016

Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ кезінде жасаған) бойынша В.Кононовқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, құқық бұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылуына қарамастан,  көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Медиацияның артықшылықтары туралы дәріс өткізілді

28/12/2016

БАҚ-пен өзара іс-қимыл жоспарын орындау мақсатында Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотының бас маманы С.С.Дюсюпова Самар ауылының Достық үйінде «Медиация - дауды реттеудің баламалы жолы» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәрістің тындаушылары аудандық кітапхана жұмысшылары, шығармашылық үйінің өкілдері мен музыка мектебінің оқытушылары қатысты. Дәрісте медиацияның қазақстандық моделі мен сот алдындағы оның артықшылықтары туралы, соңғы екі жылдағы сотта өткізілген медиация туралы статистикалық анықтамалар берілді.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28/12/2016

Зырян  аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1 бөлігімен Н.Трашковқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, Н.Трашков сот ғимаратына алкогольдік масаң күйінде келіп, өзінің іс-әрекетімен сотқа құрметтемеушілік білдірген.   Аталған жайт бойынша Н.Трашковқа сот приставының қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы айыпталып, 1 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«Халықаралық конвенция» тақырыбында семинар сабағы өтті

28/12/2016

Көкпекті ауданының  № 2 аудандық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен «Халықаралық конвенциялар» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс шара барысында кеңсе меңгеруші Л.Құнанбаева қазіргі уақытта қазақстандық соттарда азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне халықаралық шарттар мен конвенциялар нормаларын енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын, азаматтық құқықтары мен бостандықтары сақтау үшін қажетті норма шарттарын атап өтті.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/12/2016

Курчатов қалалық сотында О.Г. Михайловты  Қылмыстық кодексінің 187-бабының, 1-бөлігімен (ұсақ-түйек жымқыру)  қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы О.Г. Михайлов екі шойын радиаторды жымқырып, жәбірленушіге 4 000 мың теңге мөлшерінде материалдық зиян келтірген.

Сот отырысында тараптар татуласқандарын айтып, істі медиация тәртібімен қысқартуын сұрады.

Соттың қаулысымен  О.Г. Михайловқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Азаматтарды жеке қабылдау

28/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Ә.Кәсенов «азаматтарға жеке қабылдау» өткізді.

Сот төрағасының қабылдауында болған азаматтардың  барлық қажетті сұрақтарына  жауап берілді.     Осы шара барысында келушілерге қылмыстық, қылмыстық процестік кодекстердің нормалары түсіндіріліп берілді.

Өскемен қаласының №2 сотында 2016 жылғы сот актілерін орындау жұмыстары қорытындыланды

28/12/2016

Сот төрелігіне бағытталу – қорғау және бұзылған құқықты қалпына келтіру – саналы түрде сот актілерін орындалуымен аяқталады. Сот актілерін толық әрі уақытылы орындау сот төрелігінің нәтижесін, сот билігінің беделін анықтайды.

Өскемен қаласының №2 сотымен өзекті мәселе сот актілерінің орындалуына қатысты ай сайын дөңгелек үстел өткізіледі.

Ұлан ауданының № 2 аудандық соты брифинг өткізді

28/12/2016

Ұлан ауданының № 2  аудандық сотында сот төрағасы А.Аринова «Ұлан таңы» газетінің тілшісі В.Халепаның қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау» заңы  аясында брифинг  өткізді.