Архив событий

26/12/2016

Сот шақыруына келмегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

26/12/2016

Зайсан аудандық сотымен сотқа құрметтемеушілік білдіргеніне байланысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай   қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып танылғын  З.  сот отырысына себепсіз келмеген. Сол себепті сот отырысы кейінге қалдырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабына сәйкес, кез келген іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі сотқа құрметсіздік деп танылады.

Банкроттық басқарушысы мен республикалық мемлекеттік мекеме арасында медиация келісімі жасалды

26/12/2016

«Серебрянка қаласының органикалық емес өндірістік зауыты» ЖШС-ның банкроттық басқарушысы «Қазақавтожол» РММ-нен залалды өндіру туралы талап арызымен ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Істің материалдарына сай, жол – көлік оқиғасының нәтижесінде талапкерге материалдық зиян келтірілген, көлік құралын қайта қалпына келтіріп жөндеу құны 478 577 тенгені құраған.

Дау медиация тәртібімен реттелді

26/12/2016

ШҚО Риддер қалалық сотымен «Л-ТВК» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің Е.Г.Обуховаға ұсынылған коммуналдық қызметтер үшін 160 263 теңге борыш құнын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптар сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынды, оның шарттары бойынша, Обухова Е.Г. талапты мойындап, 160 263 теңгенің борышын өтеуге міндеттенеді, ал талапкер істің қысқартылғанына қарсылығы болмайды.

Қылмыстық іс Рақымшылық заның қолдануымен қысқартылды

26/12/2016

Жарма ауданының №2 аудандық  сотымен ҚР ҚК 296-бабы, 2-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, перекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) С.Семейхановқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, полиция қызметкерлерінің «Құқықтық тәртіп» шараларын жүргізу барысында  С.Семейхановтан, өзі пайдалану мақсатында сақтаған  2 қағазда оралған есірткі заты - «кептірілген марихуана» табылып, алынғандығы анықталды.

Қоршаған ортаны қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасады

26/12/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасының  ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігімен (әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйм салынған құралдармен немесе тәсілдерімен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерін жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ өрескел бұзу)  азамат И.А. Ануарбековқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді

26/12/2016

Зайсан аудандық сотында талапкер Ж.-ның жауапкер Т.-мен тіркелген некесін бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі сот отырысына қарауға дайындау барысында сотпен тараптарға өзара татуласу үшін бір ай мерзім берілген.

Істі сотта қарау барысында тараптар судьяның қатысуымен медиация тәртібінде дауды (жанжалды) реттеу жөнінде келісімге қол жеткізді.

Заңсыз мылтық сақтағаны үшін жазаға тартылды

26/12/2016

Зайсан аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) азамат С.С.Камитовқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта  С.С.Камитовтың атыс қаруына жататын 12 калибрлі аңшы мылтығын ешқандай рұқсатсыз, заңсыз сақтағаны, атыс қаруы ретінде заңсыз пайдаланғандығы анықталды.

Белгіленген жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салынды

26/12/2016

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК 610-бабы, 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы) бойынша В.Кравцевке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Артқа қарай қозғалыс барысында маневрдың қауіпсіздігіне көңіл аудармаған

26/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК  610-бабының, 1-бөлігінде (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін М. Мухтарбековке қатысты әкімшілік іс қаралды. 

«Сот кабинеті» сервисі жөнінде семинар өтті

26/12/2016

Риддер қалалық сотының бас маманы Д.М.Енсебаева сотқа келушілерге арнап, «Сот кабинеті сервисі: жеңіл әрі оңай» тақырыбына семинар сабағын өткізді.

Семинар мақсаты - сотқа «Сот кабинеті» сервисі арқылы берілетін арыздар, талап арыздардың санын осындай түсіндіру шаралары көмегімен арттыру түсу.

Үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды

26/12/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Д.Мұстафинге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

26/12/2016

Зырян аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің  611-бабының  3-бөлігімен (көлік құралын басқару құқығынан айырылған не көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекет, жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) И.Тумашиновқа қатысты әкімшілік іс қарады.

3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

26/12/2016

Күршім аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік  масаң күйде басқаруы) бойынша құқық бұзушылық жасаған  Е.А.Булгумбаевқа қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, Е.А.Булгумбаев алкогольдік масаң күйінде көлік құралын басқарғаны анықталды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

26/12/2016

Катонқарағай ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігінде көзделген - көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін Е.Оразаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғаны, құқық бұзушы Е.Оразаев   алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде жүргізуші куәлігінсіз автокөлігін басқарған.

Жүргіншіні қағып кеткені үшін жазаланды

26/12/2016

Зырян аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы, 2-бөлігімен (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылығы, жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан әрекет) әкімшілік іс қаралды.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алу жазасы тағайындалды

26/12/2016

Бесқарағай аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) құқық бұзушы К. Шорановқа қатысты әкімшілік істі қарады                                                                                     

Риддер қалалық сотының өкілдері оңалту-түзеу кабинетінде болып қайтты

26/12/2016

Риддер қалалық сотынан судья Ж.Тасубаева, кеңсе меңгерушісі З.Алғабек және сот маманы К.Сатпаев Риддер қаласының  психологиялық-педогогикалық түзеу кабинеті» КММ-дегі оңалту түзеу кезеңіндегі жас бүлдіршіндерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Қонақтар мерекелік үстел ұйымдастырылып, балаларға торттар, тәтті тоқаштар және жеміс шырындарын ұсынды.

Шараға мекеменің басшылығы мен ұстаздары ғана емес, жас бүлдіршіндер ерекше қуаныштарын білдірді.

 

Ата-аналық мiндеттерін орындамаған үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/12/2016

Зырян аудандық сотында азаматша А.Чукановаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында,    азаматша А.Чуканованың кәмелетке толмаған баласы Катон Қарағай аграрлық-техникалық колледжі КҚМ-нің студенті  бола тұра, 2016–2017 оқу жылының қыркүйек – қараша  айлары аралығында  сабақты 178 сағат себепсіз босатқаны анықталды.

Сот бұйрығын орындамағаны үшін кінәлі деп танылды

26/12/2016

Бородулиха аудандық сотымен  ӘҚБК-нің 669-бабымен  (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағанына байланысты) құқық бұзушылық жасаған Е. Қонарбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, Ұлан аудандық сотының бұйрығымен Е.Қонарбаевтан кәмелетке толмаған ұлының күтіп-ұстауына алимент өндірілген. Бүгінгі күні берешек 990 мың теңгеден аса сомасын құраған.

Бесқарағай аудандық сотында әкімшілік іс қаралды

26/12/2016

Бесқарағай аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған С.Күлебаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.