Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнайы ұйымдастырылған шара

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.М. Чакпантаев, Шығыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің өкілдері - кадр қызметі бөлімінің басшысы Ш.Т.Нысаинов және талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Ж.Ж.Сарабек  Жоғарғы Соттың Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орайы берген нұсқауларын негізге ала отырып мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Куленов поселкесіндегі «Үміт» балалар  үйіне барып  қайтты.

Облыстық  сот судьялары бірнеше жыл қатарынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетуде. Олар балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетіп, қажетті заттарын,  киім-кешек және техникалық жабдықтармен  қамтамасыз етеді.

Бұл жолы қонақтар «Үміт» балалар үйіне жол тарттып, балаларға сыйлықтарын табыстап, балалардың өздерімен ұйымдастырылған қайырылымдық концетрке қатысты.  Сыйлықтар  облысымыздың соттарының макулатура жинап тапсырған қаражаттары есебінен алынды.  Кездесу өте жылы ортада өткізіліп,  балалардың қуанышында шек болмады.

Облыстық соттың Төрағасының атынан келіп отырған Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.М. Чакпантаев, балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтай отырып, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балалардың еліміздің мықты да бақытты азаматтары болып өсулері үшін  ерекше көңіл бөліп, барлық қажетті жағдайлар жасап жатқандығын және бала тәрбиесі болашақты қалаудың негізі екендігін атап өтті.

Балалар мекемесінің басшылары судьяларға ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларға қолдау және  көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

 

Шығыс Қазақстан

облыстық сотының

баспасөз қызметі