Архив событий

23/09/2016

Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап ұсақ бұзақылық жасаған

23/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен (әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған ұсақ бұзақылық, яғни жеке тұлғалардық тыныштығын бұзатын, қоғамдық орынды ластайтын әрекеттер) жауапкершілікке тартылған С.Қаратаевқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/09/2016

Семей қаласының №2 соты  ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) жеке айыптау тәртібімен қозғалған қылмыстық істі қарады.

Іс бойынша тараптар татуласып, медиациялық келісімге келулеріне байланысты соттан істі қысқартуды сұрады.

Сотпен іс өндірісі тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

23/09/2016

Семей қаласының № 2 сотымен  жеке айыпталушы Д.Саркеновқа қатысты жеке айыптау тәртібімен ҚК-нің 108-бабы (деңсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленушінің арызы бойынша жұбайы айыпталушы Д.Саркеновты, оған балағат сөздер айтып, соққыға жығып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.

Ұлан ауданының № 2 сотында «Халықаралық келісім-шарттарды сот актілерінде қолдану» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

23/09/2016

Ұлан ауданының № 2 сотында «Халықаралық келісім-шарттарды сот актілерінде қолдану» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.

Іс-шараға аудандық соттың төрағасының м.а. А.Исахан, адвокат Д.Толымханов, Ұлан аудандық прокуротурасының прокуроры А.Колбаев, Ұлан АІІБ-нің полиция қызметкерлері және сот мамандары  қатысты.

Глубокое аудандық сотында азаматтық іс қаралды

23/09/2016

Глубокое аудандық сотына талапкер А., алимент өндіру туралы талап  арызбен жүгінген.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер бала күтімімен айналысуда, материалдық көмекке мұқтаж. Сондықтан да жауапкерден өзін асырау үшін 5 АЕК мөлшерінде сотқа жүгінген күннен бастап бала үш жасқа толғанша алимент өндіруді сұрады.  

Сот шешімімен талап-арыздың талаптары қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Глубокое аудандық сотының

Алимент өндіру туралы азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

23/09/2016

Глубокое аудандық сотына талапкер М. жауапкер И.-ға алимент өндіру туралы талап-арызбен жүгінген.

Сотта анықталғандай, талапкер 18 жасқа толғандықтан, оған төленіп отырған алимент тоқтатылған. Қазіргі таңда ол  Өскемен қалалық көп профильді технологиялық колледжінің күндізгі бөлімінде 3-курста оқу оқиды. Сондықтан да жауапкерден оқуына алимент өндіруді сұраған.  

Істі қарау барысында тараптар дауды медиациялық жолмен реттеу туралы келісімге келіп, келісімді  бекітуге ұсынып, істі өндірістен қысқартуды сұрады.

Есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

23/09/2016

Қызметкерлер құжат тексерістерін жүргізу барысында азамат С-дан   салмағы  0,70 грамм болатын марихуана есірткі заты табылған.

Семей қаласы № 2 соты ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтау) бойынша көзделген қылмысты жасағаны үшін С-ны кінәлі деп таныды. Сот оған 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Семей қаласы №2 сотының