Архив событий

30/09/2016

Семей қаласының Ювеналды сотының ұжымы еңбек ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады

30/09/2016

Бүгін Семей қаласының Ювеналды сотының ұжымы еңбек ардагерлері мен отставкадағы судьялар Б.Акимжанов пен М.Керимбаевты Халықаралық Қарттар күнімен құттықтау шарасын ұйымдастырды.

Мерекелік дастархан үстінде еңбек ардагерлеріне естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар берілді. Сот төрағасы аға буындарға алғысын білдіре отырып, олар әрқашан жоғары көрегенділіктің, рухани мәдениеттің және өмірлік оптимизмнің үлгісі болып қалатындығын атап өтті.

Жарма аудандық сотының ұжымы сот жүйесінің адрагерін Қарттар күнімен құттықтады

30/09/2016

Жарма аудандық сотының төрағасының м.а. Л.Акалаева, кеңсе меңгерушісі М.Құсманова және сот мамандары сот жүйесінің ардагері Дапура Бадауиқызы Төреханованы Қарттар күнімен құттықтап, сыйлық табыс етті.  

Қарттар күні қарсаңында шара ұйымдастырылды

30/09/2016

Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының ұжымы Халықаралық  қарттар күні мейрамына орай салтанатты жиын өткізді.

Қарттар күні арналған мерекелік жиынға Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының  ардагері К.А. Павлова шақырылды.

Сот ұжымы ардагерді атаулы мерекемен құттықтай келе,  арнайы гүл шоғымен бірге сыйлықтар табыстады. Салтанатты жиыннан кейін ардагерге арналған  дастархан ұйымдастырып, ұсынылды.

 

Соттың ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша семинар сабағы өткізілді

30/09/2016

Катонқарағай аудандық сотында сот ғимаратына өткізу режимінің сұрақтары бойынша семинар сабағы өткізілді.

Іс шараға МКҚБ 3-ші ПБ командирінің көмекшісі аға полициясы  С.Арабаев және аудандық сотының судьялары, сот қызметкерлері қатысты.

Кеңсе меңгерушісі Э.Жансұлтанова баяндамасында, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәртіпті сақтау мақсатында «Сот ғимараттары мен аумағында сотқа келушілерге ішкі обьекті және өткізу режимдерінің сақталуын қамтамасыз ету» ережелері қолданатынын атап өтті.

Ұрлық фактісі бойынша тараптар татуласты

30/09/2016

Глубокое  аудандық  сотымен Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі 2- тармағы, 200- бабы, 1- бөлігі  бойынша айыпталған  (бірнеше рет жасалған ұрлық және ұрлау мақсатынсыз автокөлікті құқыққа қарсы иелену (айдап кету) М.Мұратовқа қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Тараптар кәсіби емес медиатордың қатысуымен татуласты. Айыпталушы М.Мұратов өз қылмысы арқылы келтірген зиянды өтеу үшін жәбірленуші А.Слюнченкодан кешірім сұрап, өз автокөлігін жәбірленушінің атына тіркеп берді.

Ағаштарды заңсыз кесекені үшін айыппұл салынды

30/09/2016

Глубокое аудандық сотымен Д.Мальков Қылмыстық кодекстің 340- бабының 2-бөлігі бойынша (орман қорына енгізілген ағаштар мен көшеттерді жою немесе сындыру, заңсыз ағаш кесу) қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғандай, айыпталушы арнайы араның көмегімен Қазақстан Республикасының орман қорына енгізілген көлемі 0,7 куб метр болатын, 7 құрғақ  «Пихта» ағашын заңсыз кескен.  Мемлекетке келтірілген зиян мөлшері 7 407 теңгені құраған.

Алкоголь өнімін заңсыз өткізгені үшін айыппұлға тартылды

30/09/2016

ШҚО Катон-Қарағай аудандық сотында А.Кайсиеваға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200 – бабы, 1- тармағы, яғни  жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық тура іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, А.Каисиева алкоголь өнімін  заңсыз  түрде  21 жасқа толмаған  азаматқа өткізгені туралы анықтаған.

Катонқарағай аудандық сотының ұжымы Қарттар күніне орай сот жүйесінің ардагерін құтықтады

30/09/2016

«Халықаралық Қарттар күні»  жыл сайын 1 қазанда бүкіл әлемде атап өтіледі.

Катонқарағай аудандық сотында өз ардагерлерін жыл сайын құтықтау дәстүрге айналған.

20 ғасыр соңында Халықаралық Қарттар күнін ең алғашқы Скандинавия мемлекетті атап өтті, кейін Америкада жалғасты. Ал бүкіл әлемде БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен «Халықаралық қарттар күнін» 1 қазан күні мерекелеу туралы шешім қабылданып, қазіргі таңда әлемнің барлық елінде аталып өтіледі.

«Бітімгершілік келісімі» тақырыбында семинар сабағы өтті

30/09/2016

Катонқарағай аудандық сотында «Бітімгершілік келісімі» атты семинар сабағы өтті, шараға судьялар, сот қызметкерлері қатысты.

Аудандық сотының төрағасы Б.Секербеков өз сөзінде сот талқылау барысында бітімгершілік келісімі арқылы дауларды және келіспеушіліктерді шешудің балама тәсілі екендігін атап өтті.

Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісім – тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген жазбаша келісімі.

Үлкендерді құрметтейміз...

30/09/2016

Қазақстанда 1- қазан күні «Халықаралық қарттар күні» тойланады. Қазақстандық зейнеткерлерге мемелекет тарапынан көп көңіл бөлінеді. Елімізде қарттарды әлеуметтік қорғау жүйесі құрылған. Әр түрлі  егде жастағы адамдарға зейнетақыларын көтеріп, әр түрлі жеңілдіктер жасалады.

Қазіргі заманның батыры

30/09/2016

«Халықаралық Қарттар күні» қарсаңында Курчатов қалалық сотының ұжымы Тыл еңбеккері Евдокия Сергееевна Понамаренконы келе жатқан мерекесімен құттықтады.

Евдокия Сергеевнаны арнайы құттықтауға келген сот төрағасы Б.Абылкасимов бастаған ұжым оған өздерінің сыйлықтарын табыс етті.

Өз кезегінде қарт еңбеккер өзінің өмірбаянымен еңбек жолы туралы айтып берді. Құттықтап келген сот ұжымына ыстық ықыласы мен алғысын білдірді.

 

Курчатов қалалық сотының

Дау партисипативтік рәсіммен реттелді

30/09/2016

Риддер қалалық сотында жылжымайтын мүлікке дара меншік құқығын тану, тұрғын үйден шығару жолымен мүлікті талап ету туралы және ортақ мүліктен өз үлесін анықтау, мүлікті бөлу  туралы қарсы  талап арызы негізінде азаматтық ісі қаралды.

Алдын – ала сот отырысы барысында, тараптар сотқа дауды партисипативтік рәсіммен реттеу туралы келісімін бекіту жөнінде өтінішхат ұсынды.

Азаматтық іс бойынша өндіріс  қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Медиация сот тәжірбиесінде

30/09/2016

Риддер қалалық сотында шығынды және моральдық зиянның өтемін өндіру жөніндегі келісім шартты мәжбүрлеп бұзу туралы талап арыз негізінде азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар сотқа сот медиациясын жүргізу, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және қарау туралы өтініш білдірді.

Шығынды  және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы келісім - шартты мәжбүрлеп бұзу туралы талап арызы негізіндегі азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

30/09/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) бойынша С.Гайнуллинге қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Тараптар дауды медативтік келісім жасау арқылы реттеді

30/09/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 108-бабы бойынша кезекті қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім жасауларына байланысты қысқартылды.

Сотта, айыпталушы тұрмыстық жанжалда жәбірленушінің денсаулығына жеңіл залал келтіргені анықталды. Сот талқылау барысында,  медиация бөлмесінде кәсіби медиатор Дячук М. Ерлі-зайыптыларды татуластырып, тараптар медиативтік келісім жасасты.

Ірі мөлшерде марихуана сақтаған азамат жазаланды

30/09/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 296-бабы, 3- бөлігі (ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша А.Пушкаревқа қатысты қылымстық іс қаралды.

Сотта, полиция қызметкерлерімен автобус бекетінде жеке тінту барысында  А.Пушкаревтың арқа қоржынынан ірі мөлшерде марихуана табылып алынғаны анықталды.  

Жиырма бес әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

30/09/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында  ағымдағы жылдың тоғыз айында  177 әкімшілік құқық бұзушылық істер қаралып, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша жиырма бес  әкімшілік Істі қарау бары

Құқық бұзушылықтың құрамы болмағандықтан әкімшілік іс қысқартылды

30/09/2016

Жарма  ауданының  №2 аудандық сотында К.Сейткалиевқа қатысты ҚР ӘҚБК-нің 434- бабы, 1- бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік іс қаралды.  

Сот  отырысында анықталғандай К.Сейткалиев  қоғамдық орында  бола тұра  жәбірленушілермен сөзге келіспей, қоғамдық жерде оларға қатысты балағат сөздер айтқан.

Сот жүргізу барысында  құқық бұзушы  К.Сейткалиевтың әрекеттерінде құқық бұзушылық құрамы жоқ болғандықтан, әкімшілік іс өндірістен қысқартылды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Баспасөз мәжілісі өткізілді

30/09/2016

 «Хабар» респбликалық телеарнасының Өскемен қаласындағы филиалы ғимаратында  ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Жилкашинова сот жүйесі қызметін жариялау мәселелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.