Архив событий

02/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Достық үйінде «Медиация – дау-жанжалдарды реттеудің тиімді мүмкіндігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

02/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты облыстық Достық үйінің қоғамдық келісім Орталығында «Медиация – дау-жанжалдарды реттеудің тиімді мүмкіндігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Глубокое аудандық сотында брифинг өткізілді

02/09/2016

Глубокое аудандық сотының төрағасының м.а. Б.Әміров БАҚ, прокуратура және АІІБ өкілдерінің қатысуымен  «Медиация туралы» Заңын қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану» тақырыбында брифинг өткізді.

Сот төрағасының м.а. өз сөзінде «Медиация туралы» Заңының жалпы қағидалары мен сот жүйесінде медиация институтын жандандыру мақсатында өткізілген іс-шаралар жайында айтып өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар бойынша, сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстарға медиация рәсімдері қолданылмайтынын атады.

Сотпен еңбек ақы және өсімпұл өндірілді

02/09/2016

Семей қалалық сотымен С.Холодняковтың «Спартак» футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына еңбек ақы бойынша қарызды және өсімпұлды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс-сапар шығындары өндірілді

02/09/2016

Семей қалалық сотымен іс-сапар шығындары бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер сотқа жауапкерге  талап-арызбен сотқа жүгініп, өз арызында 2012 жылдың 31- тамызынан 2016 жылдың 1-сәуіріне дейін пульт-операторы ретінде қызметін атқарғанын көрсеткен. Жұмыскердің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған, алайда бүгінгі күнге жауапкермен 393 870 теңгені құраған іс-сапар шығындары төленбеген.

Медиация – отбасын сақтап қалды

02/09/2016

Ұлан аудандық сотында неке бұзу туралы азаматтық ісі медиация тәртібімен қысқартылды.

Талапкер өз талап-арызында, жауапкермен заңды некеде тұрғанын, некеден ортақ екі ұл балаларының барын, жауапкермен мінездері жараспағандықтан, отбасы болып тұруға мүмкіншілік жоқтығын айтып, ортақ мүлікке даулары жоқ екенін көрсетіп, некелерін бұзуды сұраған.

Катонқарағай аудандық сотында әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

02/09/2016

Катонқарағай аудандық сотында ӘҚБК 73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Талапкер еңбек ақыны өндіруді бейбіт жолмен реттеуге қол жеткізді

02/09/2016

Семей қалалық сотымен еңбек ақы бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер А.Мұстаханов «Тасымал көлігі» ЖШС-не талап-арызбен жүгініп, өз арызында жауапкерде 2014 жылдың 1-сәуірінен 2016 жылдың 16- наурызына дейін қызмет атқарып, осы мерзімде 920 895 теңге көлемінде еңбек ақысының төленбегендігін көрсеткен. Сонымен қатар, нотариусқа жүгінген сот шығындарын өндіруді талап етті.

Риддер филиалының «Нұр Отан» партиясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жылдығына байланысты дөнгелек үстел өткізілді

02/09/2016

Риддер филиалының «Нұр Отан» партиясында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге  Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының, Риддер қалалық сотының, Риддер қаласының Әділет басқармасы мен Риддер қаласының мемлекеттік кіріс басқармасының, Аумақтық сот орындаушылар бөлімінің, Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы және Риддер филиалының «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Көкпекті ауданының № 2 сотымен қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды

02/09/2016

Көкпекті ауданының № 2 сотымен Х.Мергенчинованың М.Акимбаеваға қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер мен жауапкер бұған дейін базарда бірге сауда жасап, бір-біріне көмектесіп жүрген. 2014 жылы талапкер қолхат арқылы жауапкерге 600 000 теңге көлемінде қарыз берген, алайда жауапкер қарызды қайтармаған. Сотта жауапкер басқа сома алғанын алға тартып, қарыз сомасын мойындамаған.

Дау медиация тәртібімен реттелді

02/09/2016

Риддер қалалық сотымен некені бұзу туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы арыз түсті, оның шарттары бойынша, тараптар өткізілген медиация нәтижесінде татуласты, азаматтық істі қысқартуды сұрады.

Риддер қалалық сотының ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша өндіріс қысқартылды.  Төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Медиация кабинеті жұмыс істеуде!

02/09/2016

Самар ауылының Достық үйінде орналасқан медиация кабинетінде ерлі-зайыптылар арасында медиациялық келісімге қол қойылды.

Н.Молұқпаев алкогольдік масаң күйінде үйге келіп жұбайына жанжал шығарған, нәтижесінде жұбайы полицияға шағымданған. Жанжалқойға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

Қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік қамаққа алынды

02/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 440-бабының, 4-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық  орындарға масаң күйде келу) бойынша П. Ивановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы  адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде полиция қызметкерлерімен ұсталған және бір жылдың ішінде 2 рет алкогольдік ішімдіктерді iшкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін жауапқа тартылған.

Қызметкердің еңбек ақыны уақытылы алу құқығы бейбіт жолмен қалпына келтірілді

02/09/2016

Семей қалалық сотымен А.Загородневтың «Оң жағалау» ПИК-не еңбек ақыны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа талап-арызбен жүгініп, өзінің арызында кооперативте күзетші ретінде қызмет атқарып, 11 425 теңгені құраған еңбек ақысының төленбегендігін көрсеткен.

Сот отырысының барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге келісім жасалып, оның талаптарына сәйкес жауапкер 11 425 теңге еңбекақы бойынша қарызды төлеуге, ал талапкер өз талаптарынан бас тартуға міндеттелген.

Еңбек дауы бойынша тараптар келісімге келді

02/09/2016

Семей қалалық сотымен еңбек ақыны өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер Л.Смирнова «Казахкабель» ЖШС-не талап-арызбен жүгініп, өз арызында жауапкерде 2012 жылдың 31 тамызынан 2013 жылдың 24 маусымына дейін қызмет атқарып, осы мерзімде 581 317 теңге көлемінде еңбек ақысының төленбегендігін көрсеткен және моральдық зиянды 100 000 теңге көлемінде бағалап, өндіруді сұраған.

«Балалар құқығын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

02/09/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық сотының судьясы С.Жүніспековамен №1 Теректі орта мектебінің ғимаратында  мектептердің мұғалімдеріне арнап «Балалар құқығын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға «Неке  (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы кодексінің 10-тарауында көрсетілген бала құқықтары және олардың күнделікті өмірде сақталуы жайлы сөз қозғап, бала құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Өскемен қаласының № 2 сотында семинарлық сабақтар өтті

02/09/2016

Жоспарланған  іс-шараларды орындау мақсатында Өскемен қаласының № 2 сотының кеңсе меңгерушісі С.Жортбасова сот мамандары арасында «Мемлекеттік тілді дамыту», «Медиация институтын қолдану» тақырыптарында семинарлық сабақтар өткізді.