Архив событий

13/09/2016

«Zakon.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтеді

13/09/2016

Интернет-конференция республика сот органдарының қызметіне, соның ішінде Елбасының республика судьяларының VI съезінде алға қойған міндеттерінің және  Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа жүктелген 11 қадамның іске асырылуына, сондай-ақ алдағы республика судьяларының VII съезіне қатысты мәселелерге арналады. 

Қ.Мәми интернет-конференция барысында соттардың жұмысы және тұтастай алғанда сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Заңды күшіне енбеген сот актілері туралы сұрақтарға жауап беру көзделмейді.

Айыппұл салуға тартылып, айыппұл сомасы отыз пайызға қысқартылды

13/09/2016

Зырян ауданының №2 сотында  ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы) бойынша А.Латкинға қатысты әкімшілік істі қарады. 

Сотпен әкелік танылды

13/09/2016

Риддер қалалық сотында әкелікті таныту және мүлікті бөлу туралы талап арызы негізінде азаматтық ісі қаралды.

Талапкер  талабында 2012 жылдан бастап Е.Гуляевпен бірге некелік қарым-қатынаста болғанын мәлімдеді. 2014 жылы ортақ ұлдары туылған. Ал 2014 жылдың шілдесінде азаматтық күйеуі қайтыс болған. Ерекше өндірісте әкелікті танытуға арыз түсіргенде, құқық туралы дау туындаған. Жауапкерлер қайтыс болған азаматтың мұрагері болып табылады. Соттан баласына қатысты әкелікті анықтап беруді сұрайды.

Жүргізуші – жолда сақ болыңыз!

13/09/2016

Көкпекті ауданының №2 сотымен әкімшіліқкқұқық бұзушылық жасаған А. Слямовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында анықталғандай, құқықбұзушы ГАЗ-53 көлігімен солға оңтайландыру барысында оның қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өзге көлікпен қақтығысқа жол берген.

Сот процесінің алғашқы кезеңіңде жүк көлігінің жүргізушісі өз тарапынан ЖЖЕ бұзбағанын алға тартып, кінәсін мойындаған жоқ.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

13/09/2016

ШҚО Көкпекті ауданының №2 сотымен ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігімен (көлік құралын масаң күйде жүргізу) С.Комаровқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында қөрсетілгендей, құқықбұзушы үйінде ішімдік ішкен, кейін өз көлігімен қозғалыс кезінде полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сот қаулысымен Комаров С. кінәлі деп танылып, оған көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айыру жазасы тағайындалды.

 Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Күршім №2 аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - басты міндеттердің бірі» атты тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді

13/09/2016

Күршім ауданының №2 сотының ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-басты міндеттердің бірі» атты тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күні» сот ғимаратына келушілерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және Заңға сәйкес өзге де шаралар түсіндірілді. Сонымен қатар, тағыда атап өткен жағдай болды, ол қылмыстық жауапкершілік пара алушыға ғана емес жәнеде пара берушіге де қолданылатыңдығы.

Тараптардың татуласуы

13/09/2016

Курчатов қалалық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының, 2-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер)  бойынша В.Ананинға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Үй - алимент есебіне берілді

13/09/2016

Риддер қалалық сотымен кәмелеттік жасқа толмаған баланы асырап – бағу үшін алимент өндіру туралы талап арызы бойынша іс қаралды.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Оның шарттары бойынша, жауапкер әкесінен мұра ретінде қалдырылған  үйді өзінің  ұлы кәмелеттік жасқа толғанға дейін  асырап – бағу үшін төленетін алимент есебінде  сыйлап, сыйға тарту келісім шартын нотариалды түрде рәсімдеуге міндеттелді.

Курчатов қалалық сотында дөңгелек үстел өткізілді

13/09/2016

Курчатов қалалық сотымен татуласу рәсімдерін белсенді енгізу және іс-қимылды өзара жан-жақты дамыту мәселелері бойынша серіктестік туралы Меморандумның міндеттерін жүзеге асыру мақсатында Достық үйінде кәсіби емес медиаторлармен дөңгелек үстел өткізілді.      

Аталған іс-шараға Курчатов қалалық сотының судьялары мен мамандары, әкімшілік апаратының өкілдері, Курчатов қаласының кәсіпкер емес медиаторлары, қалалық  мәжіліс депутаттары қатысты.

Медиация көмегімен көршілер дауды бейбіт жолымен шешті

13/09/2016

Семей қалалық сотымен пәтерді су басу салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер жалпы 36 975 теңге көлемінде материалдық залал сомасын және сот шығындарын өндіруді сұраған.

Алдын ала сот отырысын жүргізу кезінде тараптар дауды медиация тәртібінде реттеуге келісім жасаған. Келісім талаптары бойынша жауапкер белгіленген уақытқа дейін 30 000 теңге көлемінде материалдық шығынды төлеуге, ал талапкер талап арыздан бас тартуға міндеттелген.

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында бір күнде екі қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/09/2016

Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотында  ҚР ҚК-нің 108- бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша азаматтар И мен А-ға қатысты қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта,  азаматтар ұрып-соғу жолымен  бірін-біріне жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын түсірген.

Сот отырысына дайындық жүргізу кезінде тараптар  өзара медиация тәртібінде татуласқандықтан, сол себепті қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, туындаған дауды медиатордың қатысуымен реттеді.

Талапкер көлікке меншік құқығын дәлелдеді

13/09/2016

Семей қалалық сотымен автокөлікті сатып алу-сату мәмілені жарамды деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талапкер М.Габдуллин сотқа Семей қаласы бойынша ІІБ-на талап арызбен жүгініп, 2011 жылдың 1 наурызында В.Гамзиннен «Mitsubihi Lancer» автокөлігін сатып алғанын көрсеткен. Мәміле анықтама есептің негізінде жасалып, жазбаша түрде сатып алу-сату келісім ресімделген жоқ. Аталған көлік сатушының атында тіркеліп қала берген, алайда ол 2013 жылдың желтоқсанында  қайтыс болған.

Шығыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген бірқатар соттарында сенбілік күндері өткізілді

13/09/2016

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының және Курчатов қалалық сотының ұжымдары дәстүрлі сенбілікке қатысты.

Сенбілікке соттардың судьялары мен мамандары бірдей жұмыла іске кірісті. Бәрінің күшімен сот ғимараттарының маңындағы аумақ пен жол жиегі қоқыстардан тазартылып, жердегі жапырақтар жиналып, ағаш түптері ағартылды.

Сенбілікте сот ұжымдары белсенділік танытты. Аталмыш шара әр қызметкердің қатысуымен, ұйымшылдықпен өткізілді.

Заңды маңызы бар фактісі анықталды

13/09/2016

Өскемен қалалық сотына азаматша С. еңбек кітапшасындағы  маңызы бар фактісін анықтау бойынша арызбен жүгінген.

Сотпен анықталғандай,  азаматша С-нің еңбек кітапшасында оның тегі қате жазылып, нәтижесінде, арызданушының еңбек кітапшасындағы тегі  оның жеке куәлігіндегі тегіне сәйкес келмеген.

Арызданушының еңбек кітапшасындағы маңызы бар фактіні анықтау оның зейнетақы алу үшін қажет екендігін көрсеткен.

Катонқарағай ауданының №2 сотында қылмыстық іс қаралды

13/09/2016

Катонқарағай ауданының № 2 сотында ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік  масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы)  бойынша И.Сабенинге  қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Сот мәжілісінде анықталғандай, рейдтік шаралар кезінде  сотталушы көлік құралын  спирттік ішімдік ішкен масаң күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Сондай-ақ, сотталушы құжаттарын тексеру барысында оның Катонқарағай ауданының № 2 сотының қаулысымен 3 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған.    

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

13/09/2016

Зайсан аудандық сотында азамат Т-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-бабы бойынша азаматша Б-нің шағымымен қозғалған қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Т. ішімдік  ішкен масаң күйінде бұрын заңды некеде болған азаматша Б-ны ұрып-соғып, оған қасақана жеңіл дене жарақатын түсірген.

Сот шешімін орындамағаны үшін бас бостандығынан айрылды

13/09/2016

Күршім аудандық сотымен ҚК-нің 430-бабының, 1-бөлігіне сәйкес, (заңды күшiне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актiсiн не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамау, сол сияқты оларды орындауға кедергi жасау) қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, сотталушы 2013 жылғы несие шартының міндеттерін орындамағандықтан, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының шешімімен банктің пайдасына сотталушыдан қарыз өндірілген. Атқарушылық парағы жазылып, жеке сот орындаушылардың тарапынан атқарушылық іс қозғалған.