Архив событий

07/09/2016

Катонқарағай аудандық сотында неке бұзу туралы үш азаматтық іс қаралды

07/09/2016

ШҚО Катонқарағай аудандық сотында үш неке бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысы барысында дауларды баламалы реттеу технологиясы нысандарының бірі негізінде, сот кәсіби емес медиатордың қатысуымен тараптардың татуласып жазбаша түрде келісімге келгені туралы келісімді бекіту үшін сотқа ұсынды.

Ұрлық жасауға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

07/09/2016

Өскемен қаласының № 2 сотының ҚК-нің 24-бабы, 3-бөлігі, 188-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы (ұрлыққа оқталу, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен) бойынша Р.Күбешовке, К.Қанафияновқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Тәркілеу жөніндегі сот актілерін орындаудың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

07/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Тәркілеу жөніндегі сот актілерін орындаудың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дау медиация тәртібімен реттелді

07/09/2016

Глубокое аудандық сотымен қарыз өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта істі қарау кезінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, келісім шарттары бойынша жауапкер 142 000 теңгені талапкердің есептік шотына аудару арқылы өтеуге міндеттелді.

Азаматтық іс қысқартылып, талапкерге төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін қамауға алынды

07/09/2016

Семей қалалық сотымен ӘҚБтК 653-бабы, 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, құқықбұзушы некені бұзу туралы азаматтық іс бойынша сот отырысына алкогольдік масаң күйінде келген. Бұл іс-әрекеттерімен сотқа құрметтемеушілік көрсетіп, төрағалық етушінің сөзін бөліп, сот отырысының жүргізілуіне кедергі жасап, белгіленген қағидаларды бұзған.

Өскемен қаласының тұрғыны бес автокөліктен ұрлық жасаған

07/09/2016

Өскемен қаласының №2 сотыңда ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 2,3 тармақтары (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен бiрнеше рет жасалған ұрлық) бойынша Д.Добрынинға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы әйнекті шағу және бұрайтын аспаптын көмегімен  есікті бұзу арқылы бес көлік құралдарының салонына кіріп, жалпы соммасы 96 000 теңге мүлікті ұрлаған.

Өскемен қаласының № 2 сотында қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

07/09/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 188-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағы (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) бойынша Д.Окуневқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ерлі-зайыптылар татуласты

07/09/2016

Талапкер  жауапкермен мінездерінің келіспеуіне байланысты, әрі-қарай отбасын сақтап қалуға мүмкін болмағандықтан некені бұзу жөнінде талап-арызбен  Глубокое аудандық сотына жүгінді.

Сотта жүргізу барысында ерлі-зайыптылар кәсіби емес медиатордың қатысумен дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасап, бір бірімен татуласып, жанұяны сақтап қалуыға ниеттерін білдірді.

Сот тараптардың медиация тәртібінде жасалған келісімін бекітіп, сот ұйғарымымен азаматтық істі  өндірістен  қысқартты.

Көлік құралын алкогольдік масаң күйінде жүргізген

07/09/2016

Глубокое аудандық сотымен ӘҚБтК 608-бабы, 1-бөлігі (яғни, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша А.Чепигаға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік масаң күйінде көлік құралдарын басқарған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы ӘҚБтК 608-бабы, 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған үш жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Бітімгершілікке келді

07/09/2016

Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК 73-бабы 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) бойынша В.Андриановқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы үйінде өзінің жұбайымен ұрыс шығарып, оған балағат сөздер айтқан.

Пара алу жөніндегі қылмыстық іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды

07/09/2016

Жарма аудандық сотында Р-ға қатысты ҚК 366-бабының, 3-бөлігі, 2,4-тармақтарымен, А-ға қатысты ҚК 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қаралды.

Кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасалған қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін сот Р мен А-ға қатысты істі КПК нормаларымен көзделген келісімдік іс жүргізу тәртібінде қарады.