Архив событий

26/09/2016

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзған

26/09/2016

Зырян аудандық сотында Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты ӘҚБтК-нің 514-бабының, 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзу) бойынша 11 әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 1,5 шақырым  ара қашықтығында болған. 

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұлға тартылды

26/09/2016

Зырян аудандық сотымен С. Захаровқа қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы қоғамдық орында темекі қалдығын жерге тастаған.

Сотпен С.Захарованы жоғарыда көрсетілген бап негізінде кінәлі деп танылып,  оған 10 АЕК, яғни  21 210 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тарту туралы қаулы шығарылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Он сегіз жасқа толмаған адамға темекі сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/09/2016

Зырян аудандық сотында ӘҚБтК-нің 133-бабының, 1-бөлігі (он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, дүкеннің сатушысы Н.Елисеева он сегіз жасқа толмаған тұлғаға темекі сатқан.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 АЕК көлемінде, яғни 42 420 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Терроризмге қарсы Заңнаманың талаптарын сақтамағаны үшін айыппұлға тартылды

26/09/2016

Зырян аудандық соты ӘҚБтК-нің 149-бабы, 1-бөлігі (террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің не иеленушісінің не басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Автокөлік құралдарын басқару құқығынан 6 жылға айрылды

26/09/2016

Зырян аудандық сотымен Зырян қаласының тұрғыны ӘҚБтК-нің 608-бабы 4-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылған.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы А.Степанов алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған.

Тілдер мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді

26/09/2016

Күршім ауданының № 2 сотының ғимаратында  прокуратура, адвокатура, құқық қорғау органдарының  өкілдерінің қатысуымен  Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесі күніне орай  «Тіл туралы» тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Қылмыстық теріс қылық жасаған

26/09/2016

Күршім аудандық сотында ҚК-нің 346-бабы, 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік  масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы)  бойынша К.Шаловқа  қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Сот мәжілісінде анықталғандай,   сотталушы сот қаулысымен 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, көлік құралын  спирттік ішімдік ішкен масаң  күйінде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған.

Зайсан аудандық сотында қаралған әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша брифинг өтті

26/09/2016

Зайсан аудандық сотының төрағасы Б.Мергембаев алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған  дүкен сатушысы К-ға қатысты қаралған әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша аудандық «Достық» газетінің тілішісі А.Ахыттың қатысуымен брифинг өткізді.

Іс құжаттарына сәйкес, К. сауда дүкенінің сатушысы бола тұра ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде 21 жасқа толмаған тұлғаға алкоголь өнімін сатқан.

«Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау мәселелері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

26/09/2016

Күршім ауданының № 2 сотында «Моральдық зиянды өтеу туралы істерді қарау мәселелері» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Семинарға аудандық прокуратураның өкілдері және адвокаттар қатысты.

Тілдер мерекесіне арналған шара өткізілді

26/09/2016

Риддер қалалық соты қалалық қоғамдық келісім Кеңесімен тілдер мерекесі күніне орай ұйымдастырылған  шарасына ат салысты.

Соттан шараға, мемлекеттік тіл маманы іс жүргізуші Э.Майжарова, жетекші маман Ю.Холдина және С.Мнацаканян  қатысты.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

26/09/2016

Риддер қалалық сотында кәмелеттік жасқа толған балаға  оқу кезінде алимент өндіру туралы талап арызы негізінде азаматтық ісі қаралды.

Сот талқылауы барысында тараптар сотқа медиация жүргізу және дауды медиация тәртібімен реттеу  туралы келісімді бекіту және қарау үшін өтініш білдірді.

АПК-нің 179-180, 277-278, 268-269  баптарын басшылыққа ала отырып, сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді ұйғарды.

Алиментті уақытылы төлемеген үшін сот тұрақсыздық айыбын өндірді

26/09/2016

 Ата-аналар бірге немесе бөлек тұрсада кәмелетке жасы толмаған балаларын қамтамасыз етулері тиіс.

Қазақстан Республикасының «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы» заңңың 24 бабына сәйкес, әрбір бала ешқандай кемсiтусіз отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан, өзiнiң жасы шамасына сай талап ететiн тиiстi қорғау шараларын иеленуге құқылы.

Зырян ауданының № 2 аудандық сотымен алименті уақытылы төлемегендіктен тұрақсыздық айыппұлын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Семей қалалық сотында Қазақстан халықтары тілдер күніне орай салтанатты шара өтті

26/09/2016

Семей қалалық сотында сот қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан халықтары тілдері күніне орай салтанатты шара болып өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы С.Байбосынова әріптестерін құттықтай келе, қазіргі таңда тілді біліп қана қоймай, оны сауатты түрде меңгеру маңызды екендігін айтты. Адамның зияткерік жағынан дамуы ойын жетік жеткізе білуімен тікелей байланысты. Сондықтан әрқайсысымыз  ұлтымызға, лауазымымызға қарамастан  сауатты да білімді болуымыз керек.

Тараптар медиативті келісімге келді

26/09/2016

Өскемен қаласының №2 сотымен ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл дәрежедегі зиян келтіру) бойынша В.Рябишниковқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  В.Рябишников туындаған жан-жал барысында өзімен бірге тұратын әйелінің бетінен екі рет ұрған. Сараптаманың қортындысына сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі залал келтірілген.   

Сот отырысы барысында тараптар дауды реттеу туралы медативтік келісім жасасты.