Архив событий

28/09/2016

Cот қызметкерлері арасында семинар өткізілді

28/09/2016

Ұлан ауданының № 2 аудандық  сотының  мамандары  арасында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің  әдеп  кодексі» тақырыбында  семинар сабақ өткізілді.

Қазақстан  Республикасы   Президентінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153  Жарлығымен    бекітілген  Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп Кодексі, халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бесқарағай аудандық сотында істерді мұрағатқа тапсыру тәртібі талқыланды

28/09/2016

Бесқарағай аудандық сотында ҚР соттарында жинақталған құжаттарды қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты  сақтауға тапсыру туралы Ережені зерделеу жөнінде сот мамандарының қатысуымен семинар сабақ өтті.                                                   

Әкімшілік іс медиация арқылы қысқартылды

28/09/2016

Жарма ауданының №2 аудандық сотында  Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен, яғни құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсету туралы   азамат Б.Акимбаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  анықталғандай, құқық бұзушы Б.Акимбаев өзінің үйінде жан-жал шығарып, жолдасын балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзғаны анықталды.

Сотта тараптар медиация тәртібімен татуласып, бітімгершілік келісім бекітіп, әкімшілік істі қысқартуды сұрады.

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

28/09/2016

Катонқарағай ауданының № 2 аудандық сотында  «Сот кабинеті сервисі – сот органдарының қызметтері мен онлайн-сервисіне қол жеткізудің бірыңғай жүйесі» тақырыбында  кезекті «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараның мақсаты «Сот кабинеті» сервисі туралы тиісті ақпаратты жариялап, түсіндірме жүргізу.

Әкімшілік іс бойынша іс жүргізу тілі қазақ тіліне ауыстырылды

28/09/2016

Көкпекті аудандық сотына  ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының, 3-бөлігімен (Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен немесе тәсiлдермен, тыйым салынған жерлерде балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ өрескел бұзу қарастырылған құқық бұзушылық) К.Омаровқа қатысты  орыс тілінде әкімшілік іс түсті.

Азаматтық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралды

28/09/2016

Көкпекті ауданының №2 аудандық сотында А.Касенованың А.Оспановадан қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша оңайтылған іс жүргізу тәртібімен азаматтық іс қаралды.

 Жауапкер  талапкерден 800 000 теңге көлемінде қарыз ақша алып, белгіленген мерзімге дейін қайтарып беруге міндеттеніп, қолхат жазып берген. Алайда жауапкер ақшаны қайтармаған.

Сот жауапкерге талап арызға қайтару жазу үшін мерзім берді. Жауапкер қайтаруында талап арызда толық мойындады.

Қоғамдық тәртіпті бұзған

28/09/2016

Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 434- бабының 1- бөлігімен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындары, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгілебеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекет)  азамат  М.Кенжетаевқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Өскемен қаласының №2 соты мемлекет кірісіне 60 миллион теңгеден астам салық сомасын өндірді

28/09/2016

С.Құмарбеков  «Лайнер ВК» ЖШС-нің басшысы және құрылтайшысы міндеттерін атқарған.  2011-2015 жылдар аралығында декларацияға табыстар және шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салықты төлеуден жалтарған. Осылайша, С.Құмарбеков өзінің қылмыстық әрекетімен мемлекетке 62 199 863 теңге сомасында материалдық шығын келтірген.

Әкесі мен баласын медиатор татуластырды

28/09/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының, 1-бөлігімен (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) Т.Кашкеновқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/09/2016

Күршім аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 73  бабының 2 бөлігімен  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын жайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет бір жыл ішінде қайталанған)  Г.Долговқа   қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/09/2016

Риддер қалалық сотында «Бархот» ПИӨК-нің А.Трушляковқа міндетті төлемдер бойынша қарызды өндіру және А.Трушляковтың  «Бархот» ПИӨК-не соманы өндіру туралы қарсы талап арызы бойынша  азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініш білдірді. Шарты бойынша, жауапкер А.Трушляков  міндетті төлемдер бойынша қарызды төлейді, ал «Бархот»  ПИӨК 12 000 теңге көлемінде А.Трушляковтың есебіне аударады.

Инспекторлардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

28/09/2016

Риддер қалалық сотының судьясы  Г.Сайдульдинованың ұйымдастыруымен «Ішімдіктен мәжбүрлеп емдеуге жолдау және материалдарды әкімшілік қадағалуға жолдау» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Риддер қалалық сотының судьясы Т.Дремлюх, инспекторлар, Риддер қалалық Психиаторлық диспансерінің дәрігері С.Оразгалиев және Риддер қалалық Прокуротурасының прокуроры Д.Молдаш қатысты.

Риддер қалалық сотында сот орындаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті

28/09/2016

Риддер қалалық сотында сот орындаушыларының қатысуымен «Сот актілерінің орындалмауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында мемлекеттік кіріс, соның ішінде сот актілерінің орындалмау себептері талқыланды.

Жиынды аша отырып, сот төрағасы Т.Адаспаев қазіргі таңда жүргізіліп жатқан мемлекеттік құқықтық саясат негізіндегі басты назар соттар мен сот орындаушыларының жұмысына аударылып отырғанын айтты.

Тоғыз әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

28/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  бір күнде  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша тоғыз  әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында  жанжал медиация тәртібімен реттеліп, тараптар медиативтік келісімге келді.

ҚР-ның  ӘҚБтК-нің  64-бабына сәйкес тараптардың татуласуына байланысты  тоғыз әкімшілік  іс  медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

Шетелдік Қазақстан Республикасының көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

28/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 517-бабының, 2-бөлігіне сәйкес (Шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жұру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтық көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Ресей азаматшасы  Т.Даньшинаға қатысты әкімшілік істі қарады.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік айыппұлдарды өндіру, әкімшілік құқықбұзушылық жасау құралын тәркілеу бөлігінде сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

28/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік айыппұлдарды өндіру, әкімшілік құқықбұзушылық жасау құралын тәркілеу бөлігінде сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға сот төрағасы А.Молдағожина, судья Р.Рахимова,  прокурор көмекшісі К. Журсумбаев, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінің Семей қаласы бойынша филиалының  басшысы Н.Акшекин, Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бойынша аумақтық бөлімінің басшысы А. Нуржакупова қатысты.

Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл жарақат және материалдық залал келтірген

28/09/2016

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің  610-бабының, 2-бөлігінде (жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылық) көзделген  әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Н.Арлановқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Жол-көлік оқиғасына кінәлілер дауды партисипативтік рәсім тәртібінде шешті

28/09/2016

Семей қалалық сотымен материалдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс қаралды.

Сотқа жүгінген Р.Фатыхов Б. Амановқа қатысты арызданып, жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген  материалдық залал мен сот шығындарын  өндіруді сұраған.

Р. Фатыхов Курчатов – Семей автожолының 24 шақырымында жеңіл дәрежедегі ішімдік ішкен күйде автокөлік тізгініне отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпестен асыл тұқымды құлынды қағып кетіп, өлтіріп алу арқылы, Б.Амановқа материалдық шығын келтірген.  

«Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар өтті

28/09/2016

Бесқарағай аудандық сотының кеңсе меңгерушісі  М.Алимханова   «Аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.                                           

М.Алимханова   сотқа жаңадан қабылданған мамандарға аталған ереженің аудандық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін белгілейтінін атап өтіп, ережедегі негізгі ұғымдарға тоқталды.

Ұлт жоспары іске асырылуда

28/09/2016

Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруда Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен «100 нақты қадам - Ұлт жоспарында»  қойылған  тапсырмаларының бірі, соттарда айыптың және қорғаудың арасында теңгерiмнiң қамтамасыз етуiн, адам және азаматтың конституциялық құқықтарын шектейтiн, барлық тергеу iс-әрекеттерiн санкциялау бойынша өкiлеттiктердi тергеу судьясына кезеңдi беру белгіленді.

Медиация- дауды шешудің тиімді тәсілі

28/09/2016

Сот қылмыстық істер бойынша тараптардың  медиация рәсімін тағайындау туралы талабын қанағаттыра отыра, медиатор медиаторлардың тізімінде бар жоқтығын және тиісті куәлігі бар екендігіне назар аударады.  

Өскемен қаласының №2 сотында өткен аптада медиатор сегіз қылмыстық іс бойынша тараптарды татуластырды.

Шығыс Қазақстан облысының соттары сенбілікке қатысты

28/09/2016

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, Өскемен қалалық № 2 сотының және Ұлан аудандық № 2 сотының ұжымдары сенбілік өткізді.

Аталмыш іс-шара жақсы дәстүрге айналған. Белгіленген аумақтың көптеген жерлері бірнеше сағат ішінде судьялар мен сот мамандарының белсенді қатысуымен тазартылды.  Соттың судьялары мен мамандары қоршаған ортаны қорғау мақсатында, осындай сенбіліктерді әр сенбі күні суық түскенше өткізуге ниетті.

 

Шығыс Қазақстан областық сотының

Риддер қалалық сотының төрағасы сот саласының ардагерлерін қарттар күнімен құттықтады

28/09/2016

Риддер қалалық сотының төрағасы Т.Адаспаев «Нұр Отан» партиясы және түзету мектеп - интернаты оқушыларының қолдауымен сот саласының  ардагерлерін қарттар күнімен құттықтады.

Аталған мектеп-интернаттың вокалдық және хариографиялық топтарының қатысуымен  концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Шара барысында  ардагерлерді «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Климова және Риддер қалалық сотының кеңсе меңгерушісі З.Алғабек құттықтады.