Архив событий

19/09/2016

Глубокое аудандық сотында Қазақстан халықтары тілдері күні өткізілді

19/09/2016

Глубокое аудандық сотында судьялар мен сот мамандарының қатысуымен Қазақстан халықтары тілдері күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Оқу бағдарламаларын үйлестірушісінің көмекшісі А.Қасенова тілдерді білу бойынша сайыс ұйымдастырды, сайыстың қорытындысы бойынша үш тілде өлең оқыған (қазақ, орыс, өзбек) және ана тілі туралы ән айтқан жетекші маман Г.Жангудиева жеңімпаз атанды.

Облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алаяқтыққа оқталғаны және пара беруге азғырғаны үшін сотталды

19/09/2016

Өскемен қаласының № 2 сотымен ҚК-нің 24-бабы, 3-бөлігі, 190-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы, 28-бабы, 4-бөлігі, 367-бабы, 2-бөлігі (алаяқтыққа оқталу, ірі мөлшерде, пара беруге азғыру) бойынша Л-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Л., Шығыс-Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты бола тұрып, қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеуде қысқарту туралы лауазымды тұлғамен келісе алатындығына қорғалушысың сендіргені анықталды. Ол үшін қорғалушыға адвокат арқылы лауазымды тұлғаға пара ретінде 4 000 АҚШ долларын беру қажет болған.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/09/2016

Бородулиха аудандық сотымен А.Ежованың Д.Нұржігітовке, О.Остапенкоға ЖКО кезінде келтірілген залалды өтеу туралы арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа жүгініп, өз талап арызында  соттың қаулысымен ӘҚБтК-нің  610-бабының, 3-бөлігіне сәйкес О.Остапенко кінәлі деп танылғандығын баяндаған. Д.Нұржігітов иесі болып табылатын К-700 тракторды басқарған ЖК А.Ежовқа тиесілі сұйық отын құюшы бағанды қағып кеткен, нәтижесінде оған 550 000 теңге  көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

19/09/2016

Аягөз аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабы (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) бойынша Б.Әбішовке қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотта істі қарау барысында, сотталушы жәбірленушіні ұрып,  жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл түрдегі зиян келтіріп, қылмыстық теріс қылық жасаған.

Сот отырысында тараптар медиация туралы келісімге келді, келісімге сәйкес жәбірленуші сотталушыға қатысты қылмыстық істі татуласуларына байланысты қысқартуды сұрады.

Ортақ қоғамдық орынды ластау

19/09/2016

Аягөз аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластау, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдіру) бойынша А.Нұрманбековке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А.Нұрманбеков қоғамдық орында темекі тартып темекі қалдығын белгіленбеген жерге тастаған, өзінің бұл әрекетімен ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластаған.

Үйді босату туралы азаматтық іс қысқартылды

19/09/2016

Катонқарағай аудандық сотында талапкер С.Нұрахметова  А.Атабаеваға тұрғын үйді босату туралы талап арыз бойынша  азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талапкер, үйдің иесі бола тұра, жауапкермен жалға алу келісімін бекіткен. Жалға алу мерзімі өткен және сату сатып алу келісімі бекітілмеген, алайда жауапкер және оның отбасысы аталған тұрғын үйде заңсыз тұрып жатыр.

Ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамауға алынған

19/09/2016

Зырян ауданының №2 соты ӘҚБтК-нің 434-бабының, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық, ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды В.Суринға қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                

Сот отырысында анықталғандай, құқықбұзушы қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде темекі шегіп, қалдығын белгіленбеген жерге тастап, ол ортақ пайдаланудағы қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметтемеушілік білдірген.

Алкогольдік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін көлік басқару құқығынан айырылды

19/09/2016

Зырян ауданының №2 соты ӘҚБтК-нің 608-бабының, 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару) бойынша  Н.Нейбергерға қатысты әкімшілік іс қаралды.

«Медиация – дауды шешудің ең тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19/09/2016

Модератор - Ұлан аудандық сотының төрағасы М.Халмурзаев, «Медиация – дауды шешудің ең тиімді тәсілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына кәсіби медиаторлар Т.Танекенова, Г.Мухамадиева, кәсіпқой емес медиатор М.Агламбеков, Аблакетка ауылдық округінің әкімі А.Агланбеков, Әйелдер кеңесінің төрайымы А.Манаспаева, Аблакетка ауылдық округінің мамандары және Сағыр ауылының тұрғындары қатысты.

Көлік жүргізу құқығынан айырылды

19/09/2016

Үржар ауданының №2 аудандық сотында ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі) бойынша  Ш.Қанағатовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Тараптар татуласты

19/09/2016

Үржар ауданының № 2 сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы, 1-бөлігі (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса)  бойынша Ж.Қасымовқа қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Ерлі-зайыптылардың мүлікті бөлісуге қатысты дауы партисипативтк рәсім арқылы реттелді

19/09/2016

Семей қалалық сотында мүлікті бөлісуге қатысты азаматтық іс қаралды.

Сотқа жүгінген талапкер жауапкермен 1980 жылдан бері некеде тұрып, қос бірдей кәмелеттік жасқа толған балалары бар екендігін айтқан. Бірге өмір сүрген кездерінде пәтер түрінде ортақ мүлікке қол жеткізген. Мүлікті ерікті түрде бөлісу мүмкін болмаған. Аталған мүлікті бөлісуде жауапкер өз пайдасына 4 550 000 теңге тұратын мүліктің жарты құнына тең келетін өтемақыны өндіруді сұраған.