Архив событий

05/09/2016

Көлік құралын басқару құқығынан айырылды

05/09/2016

Тарбағатай ауданның  №2 аудандық сотында, С.Мұхаметбековке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 596-бабының 3-бөлігімен, яғни көлік құралын жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып басқарғаны туралы әкімшілік ісі  қаралды.

Іс  материалдарынан, С.Мухаметбеков Өскемен қаласында автокөлігін бес жолақты  екі бағытқа арналған Қабанбай көшесімен басқарып келе жатып, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып, жол жүрісі қағидаларының 9.2 тармағын бұзғаны анықталды. 

Қарызды өндіріп алу туралы дау бейбіт жолмен шешілді

05/09/2016

Бесқарағай аудандық сотымен «Қазақтелеком» АҚ-ның А.Каширинаға қарызды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.           

Сот талқылауы барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім бекітілді, оның шарттары бойынша жауапкер 6 729 теңге қарызын өтеуге міндеттеледі, ал талапкер өз талаптарынан бас тартады.          

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қойылатын талаптар және әкімшілік іс жүргізу тәртібі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

05/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік  сотының судьясы Ғ.Валиевтың төрағалық етуімен Семей қаласының ІІБ-ның ғимаратында «Әкімшілік іс жүргізу тәртібі және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру, хаттамаға қойылатын талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Өскемен қалалық сотының судьялары материалдық көмек көрсетті

05/09/2016

Өткен жылдың қараша айында Ирина Мещерякованың үйі өртеніп, нәтижесінде тұрғын үйінің едәуір бөлігі өмір сүруге жарамсыз болып қалды. Анасы және алты кәмелет жасына толмаған балалары өмірдің қиын жағдайына душар болды.

Аталған отбасымен Өскемен қалалық соты халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында таныс болды. Сот тарапынан олардың көмекке және қорғанышқа мұқтаждығы жөнінде ұмыт қалған жоқ.

Алғашқы оқу күні басталар алдында Өскемен қалалық сотының судьялары аталған отбасыға тағы да материалдық көмек көрсетті.

Коммуналдық қарызды өндіру бойынша азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

05/09/2016

Жарма аудандық сотында оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің Ф.Кармановадан қарыз соммасын өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Сот АПК 146-бабының 5-тармағына сай, пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін АПК 146-бабы 3-тармағымен сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарады.

Семей қаласы № 2 сотында сот актілерін орындау бөлімінің басшысы пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

05/09/2016

Семей қаласы № 2 сотымен ШҚО Әділет департаментінің Жаңасемей аумақтық бөлімінің басшысы Ғ., Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына уақытша шектеуді жедел түрде алып тастау үшін 160 000 теңге көлемінде пара алғаны үшін сотталған.

Он әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

05/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ӘҚБтК 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша 10 әкімшілік іс қаралды.

Істі қарау барысында  жанжал медиация тәртібімен реттеліп, тараптар медиативтік келісімге келді.

ӘҚБтК-нің  64-бабына сәйкес, тараптардың татуласуына байланысты  он әкімшілік  іс  медиация тәртібінде қысқартылды.

Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.

 

Медиатор туысқандарды татуластырды

05/09/2016

Бесқарағай аудандық сотымен ӘҚБтК  73-бабының, 1-бөлігі  (құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет) бойынша Р.Джүніспаевқа  қатысты әкімшілік іс қаралды.                                                     

Бітімгершілікке келді

05/09/2016

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  ӘҚБтК 73-бабы, 1-бөлігі (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша Д.Сердюк қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот  отырысында анықталғандай, құқықбұзушы бірге тұратын анасына сыйламаушылық көрсетіп, балағат сөздермен тіл тигізіп, тыныштығын бұзған.

Істі қарау барысында  тараптар медиация тәртібінде келісімге келіп,  екі жақтың татуласуына байланысты  соттан істі қысқартуды сұраған.

Сот еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау жөніндегі жеке істі бергізуден бас тартты

05/09/2016

Талапкер Т. «Төтенше жағдайлар дептартаменті» ММ-не өзін құқық қорғау органдарында еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау мақсатында жеке ісін Зейнетақы төлем орталығына бергізуді міндеттеу жөнінде талап арызбен сотқа жүгінген. Онда ол құқыққорғау органдарында зейнетақыға шығу үшін еңбек сіңірген жылдары және жалпы еңбек өтілі жеткілікті екенін көрсетіп, оның жеке ісін зейнетақы тағайындау орталығына бергізуді мемлекеттік органды міндеттеуді сұраған.  

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды

05/09/2016

Зырян аудандық сотымен ӘҚБтК 517-бабы, 5-бөлігі (шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы) бойынша Э.Қазимовқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Мектеп қызметі уақытша тоқтатылды

05/09/2016

Зырян  аудандық сотымен  ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі (мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау) бойынша «Никольск орта мектебі» КММ-не қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ұрлық жасағаны үшін сотталды

05/09/2016

Зырян аудандық соты Б.Дюсаевқа қатысты ҚК 188-бабының 1-бөлігі 3тармағы  (ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен) бойынша қылмыстық істі қарады.

Іс материалдарын қарау барысында сотталушы жәбірленушіге тиесілі ноутбугты жасырын жымқырып,  оған материалдық залал келтірген.

Сот Б.Дюсаевті ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танып, мүлікті тәркілеуімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Көші-қоны заңнамасын бұзғаны үшін қамаққа алынды

05/09/2016

Зырян  аудандық сотымен ӘҚБтК 517-бабы, 5-бөлігі (көші-қоны заңнамасын бұзу) бойынша Өзбекстан Республикасының  азаматына қатысты  әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы дәмханада жұмыс істеп жүрген кезінде полициясының қызметкерлерімен ұсталған. Шетел азаматы бола тұра, Қазақстан Республикасына келіп, жеке кәсіпкердің қарамағында еңбек қызметтерін жүзеге асырған, осы іс әрекеттерімен Үкіметінің №148 санды 2012 жылғы 21 қаңтарындағы қаулысының 6-тармағындағы талаптарын бұзған.

Бұзақы сотпен қамауға алынды

05/09/2016

Көкпекті ауданының  №2 соты ҚР ӘҚБтК 434-бабы 2-бөлігімен (қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) бойынша Р.Бетовқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы алкогольдік ішімдікті ішкен күйінде ауыл көшелерінде қиқалақтап жүрген. Қасынан өтіп бара жатқан азаматша оған ескерту жасаған кезде, ол оған былапыт сөздерді айтып, тіл тигізген. Бұған дейін құқықбұзушы осындай іс-әрекеті үшін ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігімен жауапкершілікке тартылған.

Пәтерін су басу арқылы келтірілген материалдық залал дауы медиациямен шешілді

05/09/2016

Өскемен қалалық сотының өндірісінде азаматша В.-ның азамат С.-ға пәтерін су басу арқылы келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Істегі құжаттармен анықталғандай, азамат С. пәтерінен аққан су азаматша В. пәтеріне ағып, нәтижесінде азаматша В.-ға 130 000 теңге материалдық залал келтірді. Залал мөлшері жүргізілген сот құрылыс-тауартану сараптамасымен бекітілді.